Қоғамдық кеңес төрағасымен кездесу

2018 жылдың 1 ақпанында Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, ҚР  ІІО қызметінің Қоғамдық кеңес төрағасы, қылмыстық-процессуалдық зерттеулер мен жемқорлыққа қарсы ҒЗИ және ҚазМЗУ  ғылыми сараптама мен талдау институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Чекишұлы Қоғамов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына келді. Академия бастығы заң ғылымының кандидаты, профессор, полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызыловтың қатысуымен Академия акт залында маңызды кездесу өткізілді. Сондай-ақ аталмыш кездесуге Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы мен курсанттар да қатысты. Кездесу барысында қылмыстық-процестік заңнамасындағы өзгерістер, еліміздің ең өзекті мәселелерінің бірі нашақорлыққа қарсы күрес, материалдық қамсыздандыру және ІІМ жүйесіндегі бірқатар маңызы бар мәселелер мен кемшіліктер талқыланды.      Сондай-ақ бұл кездесуде Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында, нақтырақ айтар болсақ 31 қадам  Этикалық нормаларды бұзуға жол беретін полицейлердің іс-әрекеттеріне шағымданған азаматтардың арызын қарау жөніндегі қоғамдық кеңес жүйесі қарастырылған болатын. Осыған орай профессор М. Қоғамов қоғамдық кеңестің әрбір қызметтік саладағы негізгі бағыттарына тоқталып кетті. Қоғамдық кеңес — бұл мемлекеттің халық алдында есеп беруін қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырудың бір бағыты. Негізінен, қоғамдық кеңестің құрылуына Елбасы Н.Назарбаевтың 2015 жылы 2 қарашада қабылдаған «Қоғамдық кеңестер туралы»  заңы себеп болды. Мұның басты мақсаты – жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жетілдіру әрі халық пен билік арасын жақындастыра түсу еді. Қоғамдық кеңес отырыстарында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормавтивтік құқықтық актілер жобаларын, стратегиялық жоспардың және т.б. құжаттардың орындалуын талқылау көзделген.
Азаматтық қоғам қоғамдық кеңесті қолдай отырып тығыз байланыста болуы керек. Себебі, азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру мен республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты болып табылады.

Академия бастығы полиция генерал-майоры М. Қызылов оқу орнымызда көптен бері шешімін таппай жүрген бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп өзінің ұсыныстарын білдірді. Солардың бірі Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (ЖШС) күзетшілері біліктілікті арттыру курсын Академиямыздағы кіші және аға құрамды даярлауға арналған біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтында оқытылуы жайлы енгізген ұсынысы. Себебі, бұл тұрғыдан алғанда, оқу орнымыз біліктілікті арттыру курсына арналған негізгі базамен қамтамасыз етілген деп айта аламыз. Мысалы, спорттық кешен, атыс тирі және т.б. Өз кезегінде ҚР  ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы М. Қоғамов бұл мақсатты ұсынысты қолдай отырып алдағы күндері министрлікте талқыланатынын атап өтті. Офицерлер мен курсанттар Қоғамдық кеңес төрағасына арналған тәжірибелік сұрақтарын қойды. Түптеп келгенде, жоғарыда аталып кеткен барлық мәселелердің кейбір тұстары қарастырылып, түйткіл жағдайлары талданып, ұсыныстар басшылыққа алынды десек болады.

Кездесу соңында қадірменді қонағымыз Академия басшылығымен бірге оқу орнымыздың аумағында орналасқан жатақханаларды, әкімшілік ғимараттарды, оқу корпустарын және мұражайды аралап, Академияның тыныс-тіршілігмен жақынырақ танысты.

Мирлан Ахмедияұлы Академия қабырғасындағы шаруашылық бойынша шешімін таппаған күрделі мәселелерді Марат Чекишұлына көрсетіп, Үкімет деңгейінде қаржылай көмек көрсетулеріне ұсыныс жасады. Өйткені қазіргі таңда аталған материалдық қаржыны қажет ететін жөндеу жұмыстарын бүгін шешпесе, болашақта бұл мемлекет және Академияға мол шығын әкелетін құлағдар етті.

Барлық түйткілді мәселелерді жазу кітапшасына тіркеп алған Марат Чекишұлы   алдағы ақпан айының соңына қарай өтетін Қоғамдық кеңесте талқықауға шығаратынын айтып өтті.

Міне, осылай Астана  қаласынан арнайы келген Қоғамдық кеңестің төрағасы Академия қызметкерлерінің бүгінгі жасап жатқан еңбегіне зор баға беріп,  алдағы еңбектеріне шығармашылық табыстар тіледі.

Академияның баспасөз қызметі