Бірлесіп өткізілген отырыс

Педагогика және психология кафедрасы мен тілдер кафедрасының «Ведомстволық оқу орындарында пәндерді оқытудың психолого-педагогикалық аспектілері» тақырыбы бойынша біріккен кафедралар отырысы өтті.

Отырыста тақырып бойынша өзекті мәселелер қарастырылып, талқыланды.

Кафедра бастығы полиция майоры А.Айсенов өзінің баяндамасында елбасы Н.Назарбаевтың үштілділіктің: қазақ тілі — мемлекеттік, орыс тілі — ресми, ағылшын тілі – халықаралық болады деп анық айтқанын жеткізді. Бүгінгі күні мамандарды дайындау мақсатындағы жоо-дағы тілдердің оқытылуының психолого-педагогикалық қырлары мен кәсіби құзыреттілікті жетілдіру барысында  жаңа мүмкіндіктерді іздеу қажеттілігі туындап отыр.

Сонымен қатар, ПжП кафедрасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Волошина Т.А. сөз сөзінде кафедра сабақтарының барысындағы психолого-педагогикалық қырлары туралы айтып, бірінші кезекте педагогикалық қызмет пен білім алушыларды өзара қарым қатынасына назар аударудың қажеттілігі туралы атап өтті.

Осы отырыста оқу жұмысының тиімді формалары бойынша академияда инновациялық процестерді білім беру үрдісіне енгізу және болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігінің қалыптасуына оқытудың түрлі белсенді формалары мен әдістерін қолдану жобалар жасау, көпшілік алдында баяндамалар жасау, кәсіби маңызды мәселелерді дискуссиялық талқылау, ынтымақтастыққа үйрету, мәселелі жағдайаттарды жасау, кәсіби бағытталған видеофильмдер мен презентациялар және т.б. жұмыстар оқу үрдісін одан әрі жетілдіре мәселелері талқыланды.

         Осындай біріккен кафедралық отырыстар бір қатар өзекті мәселелерді бірлесе отырып шешуге ықпалын тигізіп қана қоймай, сонымен қатар оқытушылар арасында тәжірибе алмасуға көмек береді.

 

Педагогика және психология кафедрасы

және тілдер кафедрасы