Ақпараттық-түсіндіру жұмыс жалғасуда!

Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілдірілуі.

Абай атамыз айтқандай: «Адамды – адам ететін де иман, Сұлтан ететін де иман», «Рухани байлық – бақытқа жеткізеді» – демекші, дін ойлауды, іздестіруді және үйренуді бұйырады; жұмыс істеп, табысқа қол жеткізуді бұйырады.

Қазіргі заманда діннің көптеген түрлері пайда болып отыр. Олардың арасында жеке тұлғаға, халыққа, мемлекетке, дәстүрге қарсы шыққандар да бар. Қазақстан жаһандану процестерге кіріскен сон еліміздің әлемге ашылуы басталды. Осы процестің табыстар мен кемшіліктері де бар. Рухани өмірде көптеген адасқан діни ағымдар өздерінің қызметтерін өткізіп, жастарды қатарларына тартып жатыр. Мемлекет жағынан барлық деңгейлерде аталған ағымдарға қарсы алдын-алу іс-шараларды өткізуде.

Облыс бойынша ең маңызды рөл атқаратын ұйым – ол Қостанай облысы бойынша діни мәселелерін зерттейтін коммуналдық мемлекеттік мекемесі, ал оның ішінде — ақпараттық-түсіндіру тобы.

Өткен жұмада – 19 қаңтарда ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі әлеуметтік-гумнитарлық кафедраның аға оқытушысы, полиция капитаны Мырзабек Сардарбекұлы Туйганов Қостанай құрылыс колледжінің студенттермен ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізді.

Дәріс бірте-бірте әңгімеге айналып студенттердің жоғары қызығушылығын тудырды. Соңында студенттер әр бір қазақстандық азаматы өзінің дәстүрлі дінді ұстану керек екендігін мойындады.