Дәстүрлі кездесу

2018 жылғы 18 қаңтарда қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының ұйымдастыруымен КОФ қылмыстық-атқару жүйесі мамандандыру бойынша білім алып жатқан 4 курс курсанттарымен дәстүрге айналған өндірістік тәжірибе алдындағы тәжірибелі қызметкерлермен кездесу өтті.

Кездесуге кафедраның оқытушылық-профессорлық құрамы, ғылыми-педагогикалық магистратурасының 2 курс магистранттары мен КОФ аға оқытушы әдіскері полиция майоры А.Т.Дощанова қатысты.

Кездесу мақсаты: курсанттарының тәжірибелік қызметте бейімделу мәселелері, өндірістік тәжірибе алдындағы нұсқаулықтар, тәжірибелік құжаттарды толтыру тәртібі мен кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастыру тәртібі.

Кездесуге Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Пробация қызметін басқару бойынша бөлімі бастығының міндетін атқарушы әділет майоры Р. Ж. Мурзатаев және Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Кадр жұмысының әскери және қызметтік даярлық бойынша инспекторы  әділет капитаны А.А. Мурзабеков келді, олар өз қызметтері жайлы, курсанттардың тәжірибеде көп қайталанатын қателіктері жайлы сөз қозғап, қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің қыр-сырымен таныстырып өтті, өз кезегінде курсанттар қызметкерлерге көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, мағыналы жауаптар алды, кездесудің есте қаларлық сәті ретінде, Р. Мурзатаевтың академияны тамамдағаннан кейінгі алғашқы қызмет еткен жылдарда кездескен қиыншылықтары мен басынан кешкен қызықты жағдайлары туралы айтқан сәті болды.

Сонымен қатар, ІІО әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының бастығы полиция полковнигі Н.А. Тулкинбаев өз сөзінде курсанттарға тәжірибе барысында өз аумақтарында жалпы білім беретін мектептер оқушылармен кездесіп, кәсіби бағдар беру жұмысын жүзеге асыру қажеттілігін атап өтті және де қажетті құжаттармен, оларды толтыру тәртібін атап өтті.

Кездесу соңында курсанттарға алдағы тәжірибелік қызметте мол табыстарға жетуіне тілектестік білдіріп, АҚ ЖОЛ тіленді!!!

ҚҚАҚжК кафедрасы

бастығының орынбасары

полиция майоры

Г.Н. Кажикова