Магистратурада Елбасы Жолдауы талқыланды

2018 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында магистратурада дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Магистратура бастығы полиция полковнигі Ж.С. Жакеев, әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары, педагогика және психология магистрі, полиция капитаны М.С. Туйганов, полиция капитаны, тарих магистрі Болат Бахытбекұлы Альпейсов, полиция капитаны, тарих магистрі Айгерим Казбековна Наурызбаева, полиция аға лейтенанты Мырзахмет Қуаныш Ермекұлы және ғылыми және педагогикалық магистратураның 1 курс магистранттары қатысты.

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында елімізді саяси, экономикалық және рухани жаңғыртудың он басым бағыты айқын белгіленген, бұл жөнінде Айгерім Қазбекқызы Елбасы Жолдауының әр бағытына тоқталып, мысал келтіре отырып толық талдау жасады.

Дөңгелек үстел жұмысының барысында Мырзабек Сардарбекұлы Жолдаудың тақырыбының өзінде үлкен мән жатқандығына тоқталып, «Төртінші өнеркәсіптік революция» мағынасына түсінік берді. Сонымен бірге, еліміздің білім беру жүйесінің рөлін өзертуге, оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау жөнінде, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керектігіне тоқталды.

Дөңгелек үстел жұмысы қызу талқыда өтті, магистранттар түрлі сұрақтар қойып, жауаптарын алып жатты.

Осы Жолдау арқылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің әр азаматына жаңа жағдайдағы даму бағыты жөнінде өз көзқарасын жеткізді. Мақсат орындалса, Елбасы сомдаған, қазақ халқы аңсаған арман шындыққа айналмақ.

Магистратура аға оқытушы-әдіскері

полиция майоры

Г. Едресова