«Денсаулық» бағдарламасы аясында конференция өткізілді

2016-2019  жылдарға арналған  «ДЕНСАУЛЫҚ» денсаулық сақтау мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында қаңтардың 18–і күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында 3 – курс басшылығы, күндізгі оқыту  факультеті қызметкерлері және  Қостанай облысының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығының мүшесі Наукенова Рабиға Маденовнамен бірге 3 – курсанттарымен кездесу өткізілді.

Конференция барысында Рабиға Маденқызы «Туберкулездің алдын алу» және «Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу»  тақырыбында курсанттарға біршама құнды мағлұматтар жеткізді. Курсанттарды салауатты өмір сүру принциптерін ұстануға шақырды. Берілген материалдарды бекіту үшін курсанттарға көрнекілік түрінде слайд пен бейнероликтер көрсетті.

Сонымен қатар курсанттарға Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан берілетін арнайы парақшаларды да таратты. «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында;

«Бүгін біз адамзат өмірі үшін өте қауіпті, денсаулықтың басты проблемасы туберкулез ауруымен кеңірек танысамыз. Туберкулез – ол, өте қауіпті инфекциялық ауру болып табылады. Оның қауіпті түрі ашық формада кездеседі. Ол адамнан–адамға ауа арқылы жөтелгенде, жақын сөйлескенде, ас қабылдағанда ыдыстар арқылы жұғады. Туберкулез бұл қаншама аурулардың қоздырғышы болып келеді. Егер де адам бұл аурудың алдын тез арада алмаса, ақыр соңы қайғылы   аяқталуы әбден мүмкін», — деді білікті маман Рабиға Маденқызы.

Аурудың туу факторлары: жеке және жалпы тазалықты, күнделікті ас ішу режимін сақтамау, жеңіл аурулардың алдын — алмау тағы басқа осы секілді себептер болып табылады.

Туберкулездің алғашқы белгілері: асқа қабілетінің жоғалуы; салмақсыздану; дене қызуының 37,0 – 37,5 – ке дейін баруы; жалпы әлсіздік; дене – буын сырқырауы т.б,.

Конференция соңында Рабиға Маденқызы барлық курсанттарға денелерін жылы, тамақтарын тоқ болуына шақырып, бар ақыл – кеңестерін айтты.

Ерик Акимжанов

күндізгі оқыту факультетінің

аға оқытушы-әдіскері

полиция майоры