Курсанттарды тәртіпке баулу

«Тәртіпке бағынған – қор болмайды»-деп, Бауыржан атамыз айтқандай, Қазақстан Республикасы Ішкі істер минитрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 – курс курсанттарымен көптеген тәрбие жұмыстары мен тәрбиелік іс — шаралар өткізіліп тұрады. Курсанттар үшін Тәрбиелік жұмыстар жан – жақты дамуға, кәсіби біліктіліктерін арттыруға, адамгершілік және мінез – құлық қасиеттерін қалыптастыруға, ең бастысы еліне адал тәртіп сақшысы болуға зор үлес қосады.

3 – курс курсанттары бос уақыттарында академия ішіндегі үйірмелерге барады. Мәселен : би үйірмесі, домбыра үйірмесі және де спорттық үйірмелеріне қатысып жүр. Спорт жағынан курс аралық және взвод аралық жарыстар ұйымдастылып тұрады. Акдемиядан тыс чемпионаттарға академия намысын қорғап, жүлделі орындардың иегері атанып жүрген курсанттарымыз жетерлік.

Академияда курсанттармен әр апта сайын кураторлық сағаттар, кафедралық конференциялар, дөңгелек үстелдер, спорттық жарыстар, концерттік кештер мен кездесулер, сонымен қатар мәдени бағыттағы тәрбиелік лекциялар мен сұхбаттар , дебаттар және әр түрлі байқаулар, жарыстар жүргізіледі.Тек қана рухани тәрбиемен шектелмей, курсанттар киім үлгісі мен академия аумағын тазалау тәрізді жұмыстар да өткізіледі. Тәрбиенің негізі – тәртіп. Тәртіп бұзған курсанттарды жазалау ретінде ескерту жасалады , кезектен тыс наряд ,сейілдемеден айыру , сөгіс және қатаң сөгіс түрінде жүзеге асырылады.Тәрбие жұмыстары мен іс – шараларына белсене қатысып, оқу үлгерімі жақсы, үлгі тұтарлық курсанттарға алғыс жарияланып, мадақтамалармен мадақтаймыз. «Тәртіп жоқ жерде-білім жоқ»-деп ата-бабаларымыз бекер айтпаған.Әрбір курсант болашақта білікті маман иесі болу үшін тәртіпті сақтап ,жоғары оқу орнынан білім алу қажет.

Тәрбиелі курсант – ел тыныштығының кепілі екені сөзсіз. Сондықтан, тәрбиелік жұмыстардың басты нәтижесімен мақсаты курсанттардың маманнан бұрын, тәрбиелі адам етіп тәрбиелеп шығару.

3 – курс бастығы

полиция подполковнигі

Кусеубаев.А.Б