«Ізкезуші» ғылыми үйірмесінің жаңа жылға жаңа жоспары

Қазақстан Республикасы  Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясындағы           көшбасшы ғылыми үйірмелерінің  бірі қылмыстық процес және криминалистика кафедрасының  «Ізкезуші» үйірмесінің кезекті  отырысы 2018 жылдың 10 қаңтарында өткізілді. Ғылми-зерттеу жұмысына бағытталған үйірменің отырысы жаңа 2018 жылдың жоспарын талқылаумен басталды. Сонымен қатар отырыста 2018 жылдың 11  мамырында ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Астана қаласы – Қазақстан Республикасы астанасының 20 жылдығына арналған «Ғылым жастар көзімен» атты тақырыбында өтетін халықаралық ғылыми-теориялық конференцияcына қатысу және дайындалатын ғылыми баяндамаларының тақырыптарын  талдау  мәселелері  қарастырылды.

«Ізкезуші» үйірмесінің тәжірбиелі курсанттары  жаңадан қосылған достарына кеңес беріп, баяндама, мақала жазудың қыр-сырымен бөлісті.

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы