Халық қалаулылары академияда

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында он бағыт көрсетілген. Әр тармақ ел экономикасының дамуына бағытталған. Сарапшылар пікірінше, мемлекеттің дамуы – жалпы ішкі өнімнің дамуының индексі болмақ. Бұл қазіргі таңдағы дүниежүзілік тенденцияға сәйкес келеді және қоғам мен мемлекеттің даму дәрежесін дәл көрсетеді. Осы басым бағыттарды түсіндіру тұрғысында Мәжіліс депутаттары 2018 жылы 11 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Василий Иванович Олейник пен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі  Александр Васильевич Суслов өздерінің жұмыс қорытындысын туралы ел алдында есеп беру іссапарымен ат басын бұрды.

Ел қалаулылары Академияның жеке және ауыспалы құрамымен кездесіп, өздерінің жұмыс қорытындылары туралы есеп берді. Кездесу барысында ел экономикасының дамуы және биылғы жылы жарияланған Жолдау туралы сөз болды.

Келелі кездесуді Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов жүргізіп, білім ордасына атбасын бұрған қонақтарды жиыға келген көпшілікпен таныстырды. Одан кейін Академияның тыныс-тіршілігімен, қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыс барысымен, Академияның жылдық бюджетін сөз етті.

Академия бастығының кіріспе сөзінен кейін Парламент депутаты Василий Иванович Олейник өзінің жұмыс сапары, атқарған жұмыстары, Елбасының Жолдауы туралы айтып өтті.

Қазақстанда басқа елдердегідей мемлекеттің әл-ауқатын арттыру мақсатында жасалған әдіснама бар. Бүгінде тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде жалпы ішкі өнімнің өсуі мен ауыл шаруашылығын дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайына өзара статистика жүргізу қарастырылған. Сондықтан, осындай маңызды мақсаттарға жету үшін мемлекеттің ішкі жағдайына мән бере отырып, қоғам мен азаматтар дамуының айрықша индекаторын енгізген абзал деген пікір білдірді халық қалаулылары. Жолдауда жүктелген міндеттерді академия қызметкерлері де терең түйсінеді.

Елбасы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеруге баса назар аудару қажеттігін айтты. Қазақстан Республикасының 2050-ші жылға дейінгі даму стратегиясында да агроөнеркәсіп кешені басты бағыттардың бірі болып көрсетілген. Халқымыздың 44 пайызы ауылды аймақтарда тұрады. Сондықтан, жаңа технологияларды ең алдымен елді мекендерде енгізу қажет. Бұл деген – адами капиталды арттырудың басты тетіктерінің бірі саналады.

Кездесуден кейін халық қалаулылары Академияның мұражайын аралап, Академияның тыныс-тіршілігімен етене танысты.

Академияның баспасөз хатшысы     М. Оспанов