«Сөзді игерген адам ойын жеткізе алады…»

Тілдер кафедрасының оқытушылары Тәжікстаннан келген курсанттар үшін орыс тілінен қосымша сабақтар жүргізеді. Бұл сабақтардың мақсаты: орыс тілі туралы халықаралық қарым-қатынас құралы ретінде түсініктер қалыптастыру, сөздік қорларын байыту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін игеру.

Оқытудың коммуникативті бағытында бірқатар іс-шаралар, пікірсайыстар, дебаттар, әдеби оқулар, шығармашылық кездесулер, Қостанай қаласының мәдени мекемелеріне міндетті түрде бару жоспарланған.

Тілдік құзыретті дамыту және белсендендіру, аға буынмен араласу мақсатында Ардагерлер кеңесінің төрайымы отставкадағы полковник Мұқажанова Бисұлу Бигазқызымен кездесу ұйымдастырылды.

 Мұқажанова Бисұлу Бигазқызы – біздің Академияның табыстарына, проблемаларына бей-жай қарамайтын адам. Бисұлу Бигазқызы таңдаған мамандығына деген мақтаныш сезімі жайлы естеліктерімен және пікірлерімен бөлісті. Өзінің жеке үлгісімен  және ісімен Бисұлу Бигазқызы біздің курсанттардың патриоттық тәрбиесіне үлес қосуда.

Бисұлу Бигазқызы  жасына қарамастан ерліктің, беріктіктің, өмір сүйгіштіктің нағыз нышаны болып табылады.

Кездесу барысында курсанттар сұрақ қойды, бұндай адаммен көзбе-көз тілдесу ешкімді бей-жай қалдырған жоқ.

Бисұлу Бигазқызымен өткен кездесу барлығына жақсы көңіл-күй сыйлады, ал көпшілігіне үлкен өмірлік сабақ болды!

 Тілдер кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры Л. Кинжебаева

  

«Человек, владеющий словом, способен выразить мысль…»

Преподавателями кафедры языков проводятся  дополнительные занятия по русскому языку курсантам из  Таджикистана. Целью данных занятий: формирование представлений о русском языке как о средстве межнационального общения, обогащение словарного запаса, овладение культурой устной и письменной речи.

Запланированы ряд мероприятий коммуникативной направленности обучения: дискуссии, дебаты, литературные чтения, творческие встречи, обязательное  посещение культурных учреждений города Костаная.

В целях активизации и развития языковой компетенции, умение общаться со старшим поколением была организованна встреча с   председателем Совета ветеранов полковником в отставке Мукажановой Бисулу Бигазовной.

Мукажанова Бисулу Бигазовна – человек воинственно неравнодушный к успехам, проблемамнашей Академии. Бисулу Бигазовна поделилась своими воспоминаниями и впечатлениями о чувстве гордости к избранной профессии. Своим личным примером и делом Мукажанова Бисулу Бигазовна вносит достойный вклад в патриотическое воспитание наших курсантов.

Бисулу Бигазовна несмотря на свой возраст является настоящим воплощением мужества, стойкости, жизнелюбия.

Курсанты задавали вопросы, и атмосфера живого общения с таким человеком никого не оставила равнодушным.

Встреча с Бисулу Бигазовной принесла всем массу положительных эмоций и стала для многих даже уроком!

Ст.преподаватель  кафедры  языков

майор полиции Кинжебаева Л.