Ең көңілді мейрам «Жаңа жыл» кеші

Әр жыл сайын дәстүрге айналған «Жаңа жыл» мейрамына ұйымдастырылып би кешімен жалғасатын концерттік іс-шара биылғы жылы жоғарғы дәрежеде өтті. Басқа мейрамдардан қарағанда курсанттар «Жаңа жыл» мейрамын ерекше күтетіні жасырын емес. Өйткені дәл осы мейрамда курсанттарымыз жаңа жылмен жаңа талпыныстарға ұмтылуға мүмкіндік туатынына үлкен сеніммен қадым басады.

Биыл 2 курс курсанттары үшін «Жаңа жыл» мейрамы өз курстарын жаңа қырынан көрсетіп, ілгері жылжуға деген мүмкіндіктері екендіктерін біледі. Сол себепті ме екен осы жылғы іс-шараға олар көтерінкі көңілмен кірісіп, керемет ұйымшылдықпен жоғарғы дәрежедегі іс-шара өткізді. 2017 жылдың 29 – шы желтоқсанында сағат 19.00-де  басталған іс-шараға 2 курс топ кураторлары толығымен қатысып осы сарқылмас көңіл сыйлайтын кештің қонақтары болды. Кеш 2 курс бастығы полиция подполковнигі Ә. Тажмұхановтың құттықтау сөзімен ашылып,  2 курстың өнерлі курсанттарының концерттік іс-шараларымен ұйымдастырылған ойын-сауық көрсетілімдерінен кейін «Жаңа жыл» кеші курсанттардың тағатсыздана күтетін би кешімен жалғасты.

Екі сағат бойы бүкіл күш-қуаттары біткенше биді жалғастырған курсанттар «Жаңа жыл» кешінен шат көңілмен шықты. 2 курс курсанттары осы кештен қайталбас әсермен шыққандарына 2 курс басшылығына үлкен алғыстарын білдірді.


















 Баспасөз қызметінің мүшесі

2 курс курсанты Д. Әділдәбеков