ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ КУРСАНТТАРДЫҢ АРАСЫНДА «ӨЗ БІЛІМІҢДІ ТЕКСЕР» АТТЫ АКЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры М. Қызыловтың бастамасымен 2017 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Білім сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімшесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Өз біліміңді тексер» атты күндізгі оқыту факультеті 2-3 курс курсанттарының арасында акция өткізілді. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының негізгі іс-шаралар жоспарының 43-тармағымен белгіленген.

Акцияның мақсаты – курсанттардың өз біліміне деген сенімін арттыру, оларды ынталандыру, қысқы сессияға дайындық деңгейлерін бақылау, өткен пәндер бойынша алған білімдерін тексеру, оқу жетістіктерін бағалау.

Акция Академияның күндізгі оқыту факультетінің барлық мамандықтары бойынша жарияланды.

«5В030300 – құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша 3-курс курсанттары келесі пәндер бойынша өз білімдерін тексерді:

  • Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы;
  • Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (ерекше бөлім);
  • Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік құқығы(ерекше бөлім).

«5В010300 — Педагогика және психология» мамандығы бойынша 3-курс курсанттары келесі пәндер бойынша өз білімдерін тексерді:

— Педагогика;

— Әлеуметтік педагогика;

— Әлеуметтік психология.

«5В090500 – Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша 3-курс курсанттары келесі пәндер бойынша өз білімдерін тексерді:

— Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары;

— Әлеуметтік жұмысты құқықтық қамтамасыз ету;

— Әлеуметтік жұмыстың теориясы.

«5В030300 – құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша 2-курс курсанттары келесі пәндер бойынша өз білімдерін тексерді:

  • Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы;
  • Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (жалпы бөлім);
  • Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім).

«5В010300 — Педагогика және психология» мамандығы бойынша 2-курс курсанттары келесі пәндер бойынша өз білімдерін тексерді:

— Педагогика;

— Психология тарихы;

— Өзін-өзі тану.

«5В090500 – Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша 2-курс курсанттары келесі пәндер бойынша өз білімдерін тексерді:

— Жалпы және әлеуметтік психология;

— Әлеуметтік жұмысты құқықтық қамтамасыз ету;

— Әлеуметтік жұмыстың теориясы.

Аралық білімдерінің қорытынды бағасы бойынша «үздік» және «жақсы» нәтижелер көрсеткен келесі курсанттар грамоталармен марапатталды:

  • 302-оқу тобының курсанты Жеңіс Шыңғыс Уатқанұлы, 1-орын, қорытынды бағасы «үздік» (А; 4 балл; 95,3 %);
  • 303-оқу тобының курсанты Сундетбаев Нурдаулет Нурланұлы, 2-орын, қорытынды бағасы «жақсы» (В+; 3,33 балл; 88,3 %);
  • 306-оқу тобының курсанты Мамельбаева Жанар Тарановна, 3-орын, қорытынды бағасы «жақсы» (В+; 3,33 балл; 86 %).






Білім сапасын мониторингілеу

және бақылау (бағалау) бөлімшесінің бастығы

полиция майоры Қ.Ө.Қарабеков