Мен жас тергеушімін

2017 жылдың желтоқсан айының 26 күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Кайнар Ерболат Ержанұлы және полиция майоры Нурмаганбетова Жанна Кенжеғалиқызының ұйымдастыруларымен күндізгі оқыту факультетінің 3 курс 302-303 және 307-308 топ курсанттары  арасында “Қылмыстық процестің тергеу әрекеттері” атты олимпияда өткізілді.

Теориялық білім дәрежелерін анықтау, курсанттардың ҚР Қылмыстық-процесс құқығы пәні бойынша білім деңгейін шыңдаудағы және икемдерін дамыту, болашақ мамандықтарының кәсіби тұлғасын қалыптастыру үшін, сондай-ақ тәжірибе жинақтау мақсатында ұйымдастырлған бұл іс-шараға 3 курс 302-303 және 307-308  оқу топтарынның курсанттары белсене қатысты.

Аталмыш іс-шарада курсанттар 4 топқа бөлініп, сайыстың басында топтарының атауын және өздерінің ұрандарын айтып, әділ қазылар алқасына таныстыра кетті. Әділ қазылар алқасында 4 курстың үздік оқитын курсанттары полиция қатарындағы Ақтаев Ерболат және полиция қатарындағы Төребек Ақмарал төрелік етті. Сайыстың бірінші кезеңінде сайыскерлер ұяшықтардағы теориялық  сұрақтарға жылдам әрі мағыналы жауап беріп жарысты, ал екінші кезеңде курсанттарға ситуациялық есептер беріліп, тапсырма бойынша есептерді дұрыс және уақытылы шешіп, бағасын беру болды. Ал сайысымыздың соңғы шешуші кезеңінде топ капитандары бақтарын сынады.

Сайыс өте қызықты өтті, себебі кейбір жағдайларда тіпті әділ қазылар арасында бағалаумен жеңімпаздарды анықтау қиынға түсті. Сонымен қатар, курсанттардың топ болып, ұжым болып ұйымдастырылып жұмыс жасай алатындары байқалды.

Ал сайыс соңында әділ қазылар өздерінің әділ бағасын бере алды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік құқығы пәні бойынша өткізілген олимпияданың қорытындысы бойынша марапаттау шарасы болып өтті.

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша 307 топ курсанттарының “7-Бөлім ” атты командасы 3-ші орынды, ал  303 топ курсанттарының ”Жас тергеушілер” атты командасы 2-ші орынды және сайысымыздың жеңімпазы, яғни ең үздік команда деп танылып 1-ші орын иеленген 308 топ курсанттарының ”Прокурорлар ” командасы болды.  Ал соңғы кезеңнің шешімі бойынша 308 топ курсанты Б. Мұхаметханов “Ең үздік капитан” атанды. Сондай-ақ, сайыс кезінде өзінің білімімен ерекше көзге түскен, сайысқа белсене қатысқан және тапқырлық танытқан  курсанттар Жантемирова Г, Мұхаметханов Б, Сүндет Б, Сатқанов және тағы басқа курсанттар да марапатталды.











Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушылары полиция майоры                Қайнар Е.Е. және полиция майоры Нұрмағанбетова Ж.К.