Демалыс күнді қызықты өткіземіз

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 102 взвод курсанттарының кезекті демалыс күні жаңадан ашылған «Қостанай Плаза» ойын-сауық, сауда орталығына тамашалауға барды.

Бұл іс-шараның басты мақсаты курсанттардың Қостанай қаласымен жетік танысуы жəне Қостанай қаласына бейімделіп кетуі болды. «Қостанай Плазаны» тамашалаған курсанттар бір қуанып қалды. Плазаның орналасу орны, құрылыс жоспары, дизайны, көңіл көтерер ойын-сауығы курсанттарды қызықтырмай қоймайды. Дүкендер аралап, керек-жарақтар сатып алуға да уақыт табылды. Түстенудің уақыты келгенде ғимараттың 2 қабатында орналасқан жайлы асханасында тамақтанып алдық. Айта кететін жайт, Плазаның асханасында өзге ғимараттарда, ойын-сауық орталықтарында кездесе бермейтін шетелдік асханалардың бірнешеуі шоғырланған.

«Қостанай Плаза» орталығымен танысуымызды бір мезгілде 730 адамға қызмет көрсететін  осы ғимаратта  орналасқан қаламыздағы ең үлкен кинотеатрда кино қараумен аяқтадық. Кинотеатрдың жайлылығы, заманауи дыбыс құрылғылары  соншалықты әсерлі болуы курсанттарға өте ұнады. Плазаның құрылыс жоспары, жайлы асханасы, кинозалы тек курсанттардың ғана емес, сонымен қатар Қостанай халқының да көңілінен шығуда деген ойдамыз!




102 взвод кураторы

полиция майоры

Нұрмағанбетова Ж.К.