Сәбиге күлкі сыйлау – бағасы жетпес қазына

Қытымыр қыс келіп, айналаны ақ қар басып, жаңа жылымыз да  келуге аз қалды. Жаңа жыл деген әрбір сәбиге ертегілер еліне барып келгендей сезім сыйлайтын шат, көңілді мейрам екендігін адамдар бала кезінде бөленген ерекше сезімдерінен біледі.

Міне осындай мейрамда сыйлықтармен  аяз атаны күтетін сәбилеріміз қаншама. Бірақ өкінішке орай туғанынан өмірдің жазуыменен балалар үйіне түсіп жататын сәбилеріміз аз емес. Сондықтанда осы сәбилерімізге көңіл бөліп, сыйлық сыйлап, олармен уақыт өткізіп ойнап, барып қайтатын болсақ олар үшін бұдан асқан бақыт болмас.

20-шы желтоқсан күні 2 курстың 209 топ курсанттары кураторларымен бірге «Дельфин» балалар үйіне барып, сәбилерімізді қуантып қайтты. 209 топ кураторы полиция капитаны Ә. Қожахмет курсанттарымен бұл кездесуге алыдын ала дайындалып, балалар үйіндегі тәрбиешілерменде келіскен екен. Олар сәбилерімізге ең керек деген киімдерімен, сыйлықтарды тарту етті. Сонымен қатар курсанттарымыз аяз-ата кейіпкеріне еніп, сәбилерімізді әбден қуантып тастады. Оларға берілген бір жарым сағат бір жарым минуттай өтіп кеткенін өздері де байқамай қалған олар кездесу соңында сәбилерге бауыр басып қимай ғана кетті.

Осындай игі істер жалпы қоғам санасына сіңіріліп, атқарылып жатса керемет емес пе!









Баспасөз қызметінің мүшесі

2 курс курсанты Д. Әділдәбеков