Тәуелсіздік күні

Қазақстан халқы үшін тұғырлы мереке — Тәуелсіздік күні еліміздің ең елеулі күні.Сан ғасырлар арман болған егемендік — ата — бабаларымыздың бізге қалдырған баға жетпес сыйы.Еліміз бұл мерекені жылда ерекше сый құрметпен атап өтеді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер минитрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай акдемиясының Біз үшінші курс жеке құрамы бұл мерекені ең басты мереке ретінде атап өттік. Он алтыншы желтоқсан күні үшінші курс курсанттары академия қабырғасында мерекелік іс-шара ұйымдастырды.Мерекелік концертті курс бастығы , полиция майоры     Азамат Браліұлы Кусеубаевтың құттықтау сөзімен, үлгілі және озат тыңдаушыларға алғыс жариялауымен басталды.Шара барысында «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан боздақтарымызды еске алатын қойылым қойылды.Оны әсем әндер жалғап, домбырадан күмбірлеген күй де төгілді, мың бұралған бишілеріміз биімен тамсандырса , мерекеге арнаған 3 курс курсанты Тұрсынбай Думанжанның өлең шумақтары таңдай қақтырды.Мерекелік шараның шымылдығын Ескендір Хасанғалиевтің патриоттықа толы Атамекен атты әні жапты.Жалпы мерекеміз өте жоғары деңгейде өтті.Келешекте осы күнді жоғары деңгейде өткізіп, Тәуеліздігімізді қастерлейік!

1991 жыл  КСРО ыдырап, одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Сол жылдың  16- желтоқсанында Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы заң»  қабылдады. Қызығы, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздік туралы заңды қабылдаған. Еліміздің Тәуелсіздігін ресми түрде алғаш болып мұхиттың ар жағындағы алпауыт держава АҚШ мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң кәрі құрлық патшалығы Ұлыбритания мойындады.Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы бойнша жер көлемі 4 орында.Ең дамыған 50 мемлекеттің ішіне кіреді,ең дамыған мемлекеттердің 47 орында.

Мен осы Тәуелсіздік елде туылғанымды , мақтан тұтамын.





 Курсанттар  баспасөз қызметінің мүшесі

3 курс курсанты

Советов Бексұлтан