2017 ж желтоқсан айының 08-16 күндері аралығында Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Кайнар Ерболат Ержанұлының Манғыстау және Атырау облысында кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізді

2017 жылдың желтоқсан айының 10-12 күндері аралығында Манғыстау болысы Ақтау қаласының М. Әуезов атындағы №20 орта мектебінде сыныптан 81-оқушыларға, С. Мұқашев атындағы №16 орта мектепбінде 52-оқушыларға, №23 орта мектебінде 40-оқушыларға, №14 орта мектебінде 44-оқушыларға, С. Кәрібай атындағы №22 орта мектебінде 37-оқушыларға және Манғыстау облысының Қарақан ауданы Мұнайшы ауылы бойынша №5 мектеп қабырғасында №9 мектеппен біріктіріліп 101-оқушыларға, Құрық ауылындағы №7 мектеп-гимназияда 51-оқушыларға, №1 орта мектебінде 66-оқушыларға, №6 мектебінде 44-оқушыларға   Манғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ 172/6 мекемесінің кадр жұмысы бөлімшесінің жеке құрам бойынша инспекторы әділет аға лейтенанты Ж.Ж. Бекпенбетовпен аталған орта мектептердің директорларының қолдауымен бірлесе отырып кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізілді. Кәсіби бағдарлау жұмыстарына 11-10 сыныптың оқушылары қатысты. Оқушыларға ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға шақыру және оқуға қабылдану тәртіптері толық түсіндіріліп өтті. Оларға біздің оқу орны жайлы қысқа бейне фильдер мен оқу процестерінің үзінділері көрсетілді. Оқушылардың біздің оқу орнына түсу талпыныстары бар екені бірден байқалды. Себебі оларға көрсетілген призентацияларда біздің оқу орнында қыздардыңда оқитынын көрген кездерінде келешек мектеп түлектерінің қызығушылықтары көтеріліп сұрақтарын қоя бастады.

         Қатысқан оқушылардың жалпы саны: 516 оқушы

   Атырау облысы бойыншы

2017 жылдың желтоқсан айының 14-15 күндері аралығында Атырау қаласының №4 орта мектебінде 52-оқушыларға, №6 орта мектебінде 63-оқушыларға, №15 орта мектебінде 72-оқушыларға, №11 орта мектебінде 41-оқушыларына және Атырау облысы Мақат ауданы М. Баймұханов атындағы орта мектебінің 64-оқушыларға, Х. Санбаев таындағы орта мектебінде 49-оқушыларға, Жылой ауданы Құлсары қаласының мәдениет үйінде №1, №5, №7, №20, №19 мектептері біріктіріліп 10-11 сыныптың 432 оқушыларына кәсіби бағдарлау жұмысы жүргізілді. Мектеп оқушылары академияға оқуға тапсырудың сынақтары жайлы сұрақтармен, әсіресе спорттық сынақтар бойынша сұрақтармен ерекшеленді. Оқушыларға академияға түсу бойынша қыздар мен балдарға арналған спорттық нормативтердің талаптары түсіндірілді. Оқушыларға оқуға түсу барысында олардың спорттық дәрежелері «спорт шеберіне үміткер және спорт шебері» деген бергілі бір спорт дәрежесінен жетістіктері болса, ол олардың оқуға түсу барысында конкурста есепке алынатыны жайлы ақпараттар берілді.

         Қылмыстық процесс және криминалистика

         кафедрасының аға оқытушысы

         полиция майоры Кайнар Е.Е.