1 курс курсанттары өнер сарайына барды

Театр — сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық, ойын-сауық спектакль түрінде көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін мәдени орын.

Қостанай облысының І. Омаров атындағы киелі қара шаңырағының есігін 2017 жылдың 16 желтоқсаны — Тәуелсіздік күні Академияның 101, 103 оқу топтарының курсанттары бірінші рет ашып, Т. Ахтановтың «Күшік күйеу» комедиясын тамашалап қайтты.

Шеберліктерін шыңына көтерген актерлер өз өнерлерімен жиналған жұртты күлкіге қарық қылды. Актерлердің өз рөлдеріне беріліп ойнағаны залдың құрметінен белгілі болды.

Курсанттарға комедия қатты ұнады. Олар қойылымның көңілдерінен шыққандығын және бұл қойылымнан жақсы әсер алғандықтарын жеткізді.


101-103 оқу топтарының кураторлары

А. Мұрат., Е. Кабидуллинов