«Тәуелсіздікке – 25 жыл» саябағына саяхат

Тәуелсіздік мерекесіне орай 2017 жылдың 17-ші желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 304 –топ курсанттары полиция лейтенанты Мадина Уразбаева Мұқашқызымен бірге Қостанайда орналасқан былтырғы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналып ашылған «Тәуелсіздік»  саябағына барып, тамашалап қайттық.

Саябақты тамашалау кезінде оқу тобымыздың жетекшісі полиция лейтенанты Мәдина Мұқашқызы   курсанттарға саябақтың тарихын және Ұлық мерекемен шын жүректен құттықтады;

— Күннің суығына қарамастан осынау ұлық мерекемізді ескере келіп, көкірегіміздегі патриоттық сезімді одан әрі дамыту ретінде, елімізге деген сүйіспеншілігімізді арттырып, отанға деген құрметімізді көрсетуге және де мерекені керегінше толық сезіну үшін  арнайы саябақты аралап, естелікке фотосуретке түсуге келіп тұрмыз. Жалпы көңіл – күй өте керемет, мерекелік көңіл – күй, саябақтан алған әсерімді айтып жеткізе алмай тұрмын, — деп, іштегі қуанышын жасырмады.

Сонымен қатар саябақтағы әдемі көңіл күйден кейін Қостанай облысының әкімдігі  ғимаратының алдында орналасқан жаңа жылдық шыршаны тамашалап қайттық.

КОФ 3-ші курс курсанты

Тұрсынбай Думанжан