Үздіктер марапаты

2017 жылғы 11 желтоқсан күні Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының саптық алаңында жалпыакадемиялық таңғы саптарамда білім және спорт жарысынан үздік шыққан курсанттар мен офицерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Саптарамда Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов Астана қаласында орналасқан «Ана үйі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен, Қостанай қаласында «Дом мамы» жобасына моральдық және материалдық қолдау көрсеткен көмегі үшін «алғыс хатпен» полиция майоры Жанна Нұрмағамбетованы марапаттады. Одан кейін желтоқсан айының басында өткен Қазақстан Республикасының самбо күресінен өткен чемпионатта жүлдегер атанған бірінші курс курсанты Гүлнұр Мақсетоваға академия бастығының атынан грамота тапсырды.

Жалпыакадемиялық жиын соңында Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов жеке және ауыпалы құрамға алдағы келе жатқан мереке күндері қызметтік тәртіпті қатаң сақтауға, заң бұзушылыққа жол бермеуге шақырды.








Академияның баспасөз хатшысы М. ОСПАНОВ