Қызықты да пайдалы уақыт өткізу

Демалыс күндері 107 оқу тобының курсантары қаланың дәстүрлі және мәдени орталықтарына барып бірге уақыт өткізуге дәстүрге айналдыруды мақсат еткен, 2017 жылғы 26 қарашасында да курсанттар «Март» сауда орталығында орналасқан «Арман» кинотеатрына саяхатпен бастады.

Кинотеатрда курсанттар өздері полиция қызметкерінің формасында  болып, халық жиналған жерде өздерін қалай ұстау керек екендігін және оған жүктелген жауапкершіліктерін ұмытқан жоқ. Сонымен қатар, демалуды да ұмытқан жоқ.

 Курсанттар шет елдік жаңа фильмін «3D» көзілдіріктерін киіп тамашалап, жаңадан оң әсерлер алды.

Осымен тоқталмай, 2017 жылғы 1 желтоқсанында 107 оқу тобының курсанттары Қазақ драма театрына, өздерінің кураторы полиция майоры Н.Маханбетовпен барды.

Сол күні Қазақ драма театрында комедия жанырында спектаклі қойылды.

Курсанттар қойылған күлкілі және қызықты спектаклді үлкен қуанышпен тамашалап, оң эмоцияларға қол жеткізуге мүмкіндік берді.

107 оқу тобының кураторы

полиция майоры

Н. Маханбетов

 

203 оқу тобының кураторы

полиция майоры

Е.Қайнар