Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады

Жақында ІІО-да əлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының оқытушысы полиция майоры А.А Примкулованың жетекшілігімен 3 курс курсанттары полиция сержанты А. Қарашовтың, полиция қатарындағы Е. Оспановтың қатысуымен Қостанай қаласы № 10 орта мектебінің 6 сыныптар оқушыларының арасында «Адам құқығын білу міндетіміз» атты тәрбиелік-түсіндіру жұмысы өткізілді.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген аталы сөзді бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды кұрметтеп, ата-бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады, 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азаматтық жеке куәлік алады.

Заңды білу — заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана-сезімдерін қалыптастыру. Сол себепті балалардың міндеті — заң талаптарын бұзбауды, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндеттерін орындауды осы бастан меңгеру мақсатында тəрбиелік-түсіндіру жұмысын өткізіп қайтты.



3 курс полиция сержанты Қарашов А.