Тұнғыш Президентіміздің күніне арналған іс-шара

Елбасы елді қорғайды,
Халқы оны қолдайды.
Мен жырлайын,
Сөзбен өрнек өрнейін.
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқан, Ұлы Отан.
Басқарған аға Нұрсұлтан!

1991 жыл 1 желтоқсан. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Міне сол жылдан бері Қазақстанның Президенті болып, елімізді көркейтіп, бүкіл дүние жүзіне қазақстан елін таныты десе болады.

Қостанай облысы әкімдігінің мәдени басқармасының Қостанай облыстық Л.Н. Толстой атындағы кітапханасының қызметкерлерімен ұйымдастырылған 1 желтоқсан  мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 110 және 206 оқу топтары қатысты. Курсанттардың назарларыңызға Тұнғыш Президентіміз туралы бейнероликтер көрсетіп, әншілердің орындалуында патриоттық әндер айтылды.

Тәуелсіздік жылдары Президенттің барлық қызметі, барлық әлеуметтік — экономикалық реформалар тек халықтың игілігі үшін жасалды деп батыл айтуға болады. Қазақстанда барлық деңгейдегі жаңа оқу орындары, ауруханалар салу жалғасуда, қазақстандықтардың өмірі сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асуда. Жүйелі түрде халықпен кездесулер өткізіп, алуан түрлі адамдармен жүздесе жүріп, Нұрсұлтан Назарбаев үнемі «ел тамырының бүлкілін» тап басып, танып отырады. Қазақстанның бірде — бір өңірін, бірде — бір ірі кәсіпорнын назарынан тыс қалдырмайды, республиканың барлық түйткілді мәселелері туралы біледі. Оның халық қамын ойлауы жалпыхалықтық құрмет пен сүйіспеншілік ретінде өзіне қайтты деуге болады. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің азаматтары Мемлекетіміздің басшысына терең құрметі мен берік сенімін көрсетті. Халықтың осындай қуатты қолдауы мен сенімі арқасында Президент Қазақстанды дамыған экономикасы, әлеуметтік кепілдіктері және қоғамдағы тұрақтылығы бар озық көшбасшы мемлекеттер қатарына шығара отырып, өз идеялары мен бастамаларын табысты жүзеге асырып келеді.

Осы ұйымдастырыған мерекесінің  басты мақсаты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, курсанттардың өз Отанын, туған жерін сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.



110 оқу тобының жетекшісі ҚПжК кафедрасының оқытушысы

полиция майоры Тимошенко А.

206 оқу тобының жетекшісі ҚПжК кафедрасының оқытушысы

полиция капитан Ғалым А.