ЖІҚ кафедрасы ізденістік зерттеу тақырыбы бойынша авторлық ұжымымен «Сақшы-На страже» ғылыми үйірме мүшелері арасындағы кездесу отырысы.

2017 жылы 6 желтоқсанда кафедраның ізденістік зерттеуінің авторлық ұжымымен бірлескен ғылыми үйірмесінің отырысы өткізілді. Отырыс барысында кафедраның ізденістік зерттеу тақырыбы «ҚАЖ бөлімдерімен экстремизмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша криминалды полицияның жедел бөлімдерінің өзара әрекет ету сұрақтары» бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі ретінде қарастырылды.

Отырыс барысында, «Сақшы-На страже» ғылыми үйірме мүшелері тақырыпқа сәйкес қажетті сұрақтарды қойып, авторлық ұжым тарапынан тиісті ақпараттарды алды. Отырыс соңында ең басты деп танылған мәселелерге берілген жауаптар бойынша курсанттар өздеріне келешекте ғылыми жұмысқа бағдар етіп алды.

Ізденістік зерттеу тақырыбына сәйкес авторлық ұжым мүшелері де курсанттардан құралған қатысушы үйірме алдында жасалған жұмыстарын баян етті. Осы жасалған жұмыстардың мақсатын, маңызын, мәнін және де әдіс тәсілдерінен ақпараттар берілді. Сонымен қатар, аталған зерттеу жұмысына арнайы қатыстырылған мамандар мен практикалық қызметкерлер туралы да атап өтілді. Кездесу соңында осындай ұйымдастырылған іс-шараларға риза болған «Сақшы-На страже» үйірме мүшелері алғыстарымен бірге бұл сияқты кездесу немесе дөңгелек үстелдердің көп болуына тілектерін білдірді.

ЖІҚ кафедрасының курсанттардың

ҒЗЖ жауапты полиция майоры Е.Токжанов