«Аулақ бол жаман әдеттен!»

Дінімізде ата-ананы сыйлап, үлкенге құрмет көрсету, перзенттеріне үлгі-өнеге болып кішіге ізетті болу, имандылыққа тәрбиелеу, жанмен қатар тән тазалығын сақтау, адамның кемшілігінен гөрі жақсылығына көңіл бөлу, әлімжеттік жасап әлсізге күш көрсетпей қайырымды болу сияқты асыл қасиеттері туралы айтылған. Осы қасиеттерді талқылап курсанттарымыздың сана-сезіміне жеткізу мақсатында Қостанай облысы мешітінің қызметкері Қосылбаев Дархан Исламбекұлын шақырған болатынбыз. Кездесу КОФ 211 және 308 оқу тобының курсанттарымен өтті.

Өзінің дәрісінде жалқаулық, өтірік айту, бос уәде сияқты адамның атына кір келтіріп, абыройын ойрандайтын жаман қасиеттерге діни тұрғыдан тоқталып, нақты мысалдар келтірді. Кездесу барысында курсанттар қойған өз сауалдарына толыққанды жауап алып, бұл кездесу пікір алмасуға толы болды.

Кездесу соңында осы заман талабына байланысты бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру –баршамыздың міндетіміз екенін айтты.

211-212 оқу топтарының кураторы

полиция подполковнигі

Б.Абдыкалыков

308оқу тобының кураторы

полиция аға лейтенанты

Н.Турсумбаева