Әріптестік шеңберіндегі байланыс жалғасуда

Ресей ІІМ Барнаул заң институтымен арадағы әріптестік шеңберінде 2017 жылдың 5 желтоқсанында Ресей ІІМ Барнаул заң институтының ІІО әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының профессоры, з.ғ.к., доцент С.Ю. Анохина «Меры обеспечения производства по делам об административных правонарушениях» тақырыбында бейнедәріс өткізді.

Дәріске 3 курс курсанттары, әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамы, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы бастығының орынбасары С.М. Сафронов қатысты.

Дәріске қатысқан оқытушылар мен курсанттар дәріс өткізген оқытушыны бар ынтасымен тыңдады. Оларға сабақтың бұл түрі қатты ұнады.

Ресейлік әріптестерімізге үлкен алғысымызды айта отырып, арамыздағы байланыс одан әрі жалғасын табатындығына кәміл сенеміз.

Екі оқу орнының арасындағы әріптестікке сәйкес одан әрі де осы сынды сабақтарды өткізу жоспарлануда.




А. Мұрат

Әкімшілік құқық және әкімшілік

қызмет кафедрасының оқытушысы

полиция аға лейтенанты