Академия курсанттары еркін күрестен республикалық турнирге қатысты

2017 жылғы қараша айының 22-24 күндері аралығында Қамысты ауданында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Қамысты ауданы әкімінің жүлдесі үшін еркін күрестен IХ республикалық турнирі өтті.

9-ші рет ұйымдастырылып отырған турнир күрделі жөндеуден өткен денешынықтыру-сауықтыру кешенінде өткізілді. Жарысқа Ресейдің Мәскеу, Кемеров, Сургут қалаларынан, Дағыстаннан, Шешенстаннан келген балуандары қатысты.

Сондай-ақ еліміздің Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Ақмола облыстарынан, Алматы, Астана, Көкшетау қалаларынан келген спорт шеберлері, әртүрлі халықаралық турнирлердің жеңімпаздары, үздік спортшылары қатысып бақ сынасты.

Жарысқа қатысушылар, команда өкілдері және төрешілер Қамысты ауданы әкімі Ғ.Бекмұхамедовпен кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан әкімі жарысқа алыстан келген командаларға ризалығын білдірді сонаң соң спорт ардагерлерін марапаттау рәсімі өткізіліп аудандық мәдени бөлімінің күшімен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, жергілікті музыканттар мен әншілер тамылжытып ән салды. Бишілер би билеп өнерлерін көрсетіп жанкүйерлердің көңілінен шықты.

Келесі күні жарыстың салтанатты ашылу кезінде жарыс иелері қонақтарға және қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, оқуда, спортта жетістікке жетуге тілектестік білдірді.

Жарысқа қатысқан атақты спортшылар арасында:

— Ресейден келіп қатысқан Оганесян Артавазд Орал Федералдық округінің жеңімпазы.

— Мәскеу қаласының спортшылары — Гуриев Таймураз Әлем біріншілігінің жеңімпазы, Царахов Сармат студенттер арасындағы Ресей чемпионатының екі дүркін жүлдегері.

— Ақтөбе атынан қатысқан Садриев Самат жастар арасында ҚР біріншілігінің жеңімпазы.

— Алматыдан келген Абидов Ибрагим ҚР төрт дүркін жеңімпазы.

Қатысқандардың арасында: Сулейменов Мейрамбек ҚР спорт шебері, Азия чемпионы, Аманжолов Ильяс ҚР бірнеше дүркін чемпионы.

Турнирдің қорытындысы бойынша:

— 57 келі салмақ дәрежесінде 4 курс курсанты Тезекбаев Ринат ақтық белдесуде Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегерімен кездесіп ұпай санымен жеңісті қарсыласына беріп күміс жүлдегері атағына ие болды. Ол Кубокпен, медальмен, грамотамен марапатталды.

— 3 курс курсанттары 61 келі салмақ дәрежесінде Әбдіғаппар Оралхан және 70 келі салмақ дәрежесінде Шералы Елдос үшінші орындарды иеленді.

Ұлттық дәрежедегі төреші Акильбеков А.А.








Курсанты  на IX республиканском турнире по вольной борьбе, посвященное

празднованию Дня Независимости Республики Казахстан

на призы Акима Камыстинского района.

Турнир по вольной борьбе, проводится уже в 9 раз, в светлом и уютном спортивном зале ФОКа (физкультурно-оздоровительный комплекс) с участием борцов из России: из г.Москвы, г.Кемерово, г.Сургут, Дагестана, Чечни.

Хотелось бы отметить наиболее сильные сборные команды, в составе которых мастера спорта, победители различных международных турниров, это команды из Алматинской, Актюбинской, Павлодарской, Акмолинской областей, также из г.Астана, г.Алматы, г.Актобе, г.Кокшетау.

В день приезда в Доме культуры состоялась встреча представителей команд, судей и участников соревнований с акимом района Г.Бекмухамедовым, им были высказаны самые теплые слова благодарности всем гостям и особая благодарность в адрес зарубежных гостей. Силами районного отдела культуры была организована концертная программа, среди которых были и песни в исполнении лауреатов многих конкурсов местных музыкантов и певцов и танцы хореографического коллектива.

На следующий день на торжественном открытии соревнований хозяевами турнира были высказаны теплые слова в адрес гостей и участников в целом, пожелания участникам удачи и дальнейших успехов в спорте и учебе, состоялась церемония награждения ветеранов спорта.

По итогам турнира в весовой категории до 57 кг. 2 место занял слушатель 4 курса Тезекбаев Ринат и был награжден Кубком, медалью и грамотой.

— курсанты 3 курса Әбдіғаппар Оралхан в весовой категории до 61 кг и Шералы Елдос в весовой категории до 70 кг заняли 3 призовые места.

На турнире принимали участие:

— из России: Оганесян Артавазд победитель Уральского Федерального округа.

— от команды г. Москва — Гуриев Таймураз победитель первенства мира, Царахов Сармат двукратный призер чемпионата России среди студентов.

— Актюбинец Садриев Самат победитель первенства РК среди молодежи.

— из Алматы Абидов Ибрагим четырехкратный победитель чемпионатов РК.

Также среди участников: чемпион Азии, мастер спорта РК Сулейменов Мейрамбек, неоднократный победитель чемпионатов РК Аманжолов Ильяс.

Судья НК Акильбеков А.А.