XXI ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру туралы

Ұлттық сананың кемелденуі – ол ұлттық жаңғыру деген ұғымды білдіреді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деген мақаласы өте дер кезінде шығып, халықтың санасына маңызы мол ой салды.

Рухани жаңғыруымыздың басты қағидасы, Елбасымыздың мақаласында айтылғандай, өзіңнің тамырыңнан нәр алып, соны танып біліп, қазіргі дәуірге соны қабаттастырып, дамыған техникаға өз тіліңмен, өз діліңмен, мәдениетіңмен келуіңде, бәсекеге қабілетті қазақстандық тәрбиелеу. Егер кез келген мемлекеттің мәдениеті көрші мемлекеттің мәдениетінен төмен болса, одан рухы биіктей алмайды. Рухты биіктетудің төте жолы мәдениет. Сондықтан біз өзіміздің төл мәдениетімізді дамытуымыз керек.

Осы орайда Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы «XXI ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру туралы» дөңгелек үстел өткізді. Жұмысқа мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен күндізгі оқыту факультетінің курсанттары қатысты.

МҚП кафедрасының

аға оқытушысы

полиция капитаны  М.Смагулов