Білім – болашақта ең іргелі табысқа жетудің факторы

Қазақстан жедел дамыды, әрі табысты елдердің қатарынан сап түзеді. Экономикалық дамудың инновациялық өзегіне айналып, жаһандық бәсекеге қабылеттілігін арттырды.

Осы орайда Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы да қалыс қалған жоқ. Оқу орнының мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы «Білім – болашақта ең іргелі табысқа жетудің факторы» атты КОФ 1-3 курс курсанттарының арасында викториналық сайыс өткізді.

Әлемдік дағдарыс, жүрісі жылдам дәуір дамыған алпауыт елдердің өзіне теріс ықпалын тигізуде. Осындай қиын сын-сағаттарында жұмылып, ауыз біршілік танытуда – біздің оқу орнымыз да жан-жақты жастарға сапалы білім берумен қатар, бәсекеге қабілетті, ұлтжанды тұлға қалыптастыру жолында айрықша беделге ие. Сол себептен өскелең ұрпақты ұлттық патриоттылыққа тәрбиелеу үшін, бәсекелестік қабілеттіліктерін арттыру үшін аталмыш іс-шаралар қарқынды дамиды.

МҚП кафедрасының

аға оқытушысы

полиция капитаны М.Смагулов