Академия қызметкері, полиция майоры А. Жакупжанов Ақмола облысында және Астана қаласында жалпы білім беретін мектептерінде кәсіби бағдар жұмысын өткізді

Академия қызметкерлерінің 2017 жылдың 4 тоқсанына арналған қызметтік іссапарлар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 20 – 25 қарашасы аралығында Ақмола облысына, Көкшетау, Астана қалаларына, кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы сырттай оқыту факультетінің аға оқытушы-әдіскері, полиция майоры А. Жакупжанов қызметтік іссапарға барып келді.

21 қарашада Ақмола облысының Көкшетау қаласында Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің кадр жұмысы бөлімінің жеке құрам бойынша инспекциясының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты А. Кенжалинмен бірге № 2, 4, 6, 16 жалпы білім беретін мектептерінде және Көкшетау жоғары колледжі мен Көкшетау қаласының № 1 Сервистік-техникалық колледжінде кәсіби бағдар жұмыс өткізілді (барлығы 345 оқушы қатысты).

Кездесу барысында полиция майоры А. Жакупжанов болашақ талапкерлерге оқу ордасының құрылу және даму тарихы, қазіргі құқық қорғау органдары үшін білікті мамандарды даярлаудың негізгі бағыттары туралы ақпарат жеткізді.

22 қараша күні кәсіби бағдар жұмысы Ақмола облысының Щучинск қаласында жалғастырылды. Бұл қалада полиция майоры А. Жакупжанов Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің Бұрабай ауданының пробация қызметінің инспекторы, әділет кіші лейтенанты Е. Сатыбалдиновтың көмегімен Щучинск қаласының № 1, 2, 3, 4 жалпы білім беретін мектептерінің 11 сынып оқушыларын Академияға қабылдау ережелерімен, соның ішінде әскери-дәрігерлік сараптамадан өту қағидалармен, Ішкі істер министрлігінің арнайы оқу орындарына түсуге үміттенетін кандидаттарға арналған дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтермен таныстырды.

Кәсіби бағдар жұмысымен Щучинск қаласы мектептерінің 225 түлегі қамтылды.

2017 жылдың 23 қарашасында Астана қаласында орналасқан № 18, 58, 61, 65 жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларына Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына қабылдау тәртібі мен шарттары туралы ақпарат жеткізілді.

Сол күні Астана қаласы әкімдігінің № 26 мектеп-гимназиясының директоры Карлығаш Есимхановна Жангазакованың шақыруымен полиция майоры А. Жакупжанов Астана қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері Басқармасының «Астана жастары» КММ ұйымдастыруымен «Болашаққа жол» атты Жастар арасында жұмыс мамандықтарын насихаттау және түсіндіру бойынша іс-шараға қатысты.

№ 26 мектеп-гимназиясының базасында № 3, 4, 5, 6, 7, 16, 25, 55, 62 мектеп оқушылары (барлығы 500-ден астам) Астана қаласының «Жұмыспен қамтылу орталығының», «Цесна Астық» корпорациясының, «Сәнқұмар» ЖШС-тың, «Astana ютария LTD» ЖШС-тың, «Маман» оқу-практикалық орталығының өкілдерімен кездесті. 

Кездесу барысында полиция майоры А. Жакупжанов оқушыларға Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға шақыру және қабылдау жайлы қысқа бейне фильмді мен Академияның оқу процесі туралы бейнероликтерді көрсетті. Оқушылар Академияға түсуге өз қызығушылығын білдіріп және осы оқу мекемесіндегі білім беру деңгейі жоғары сатыда екенін бірден байқап, кездесу соңында полиция майоры А. Жакупжановқа ІІМ жоғары оқу орындарына түсу, болашақ полиция қызметкерлеріне қойылатын талаптар туралы сұрақтар қойды. 

Кездесу соңында оларға қажетті ақпарат, сонымен қатар Академияға түсуге сенім тудыратын нақты жауап берілді. Жылы лебізбен тыңдаған оқушылар өзінің ризашылығын білдіріп, болашақта полиция саласындағы қызмет атқаруға үміттенді.

Іссапар соңында 24 қараша күні Астана қаласында орналасқан № 14, 19, 20, 26, 36 мектептерінің түлектерімен (барлығы 261 оқушы) кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Аталған мектептердің оқушылары Қостанай академиясына түскісі келіп, маңызды сұрақтармен ерекшеленді. Олар бейінді пәндерді таңдау және құжаттарды жинау туралы өзекті сұрақтар қойды. Оқушыларға Академия жайлы Power Point презентациялар, қысқа бейне роликтер көрсетіліп, түрлі-түсті буклеттер үлестірілді, болашақ талапкерлердің сұрақтарына, яғни мамандықтың қыр-сырын, Академиядағы тұрмыстық жағдай, білім алу жайлы толық түсініктеме алды. Кездесу соңында оқушылар Академия туралы электронды нұсқадағы материалдар алып, полиция майоры А. Жакупжановпен еркін пікір алмасты.