Құқық қорғау органдары қызметіне келешек мамандарды шақыру іс-шаралары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының басшылығының қолдауымен  үздік, білікті мамандар қатарын тағы да толықтыру мақсатымен, әр облыстардың білім алып жатқан орта мектептер мен колледждерде оқитын көптеген оқушыларды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсу мүмкіндіктері жайлы кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша бірқатар іс-шаралар қарқынды жүргізілуде. Жалпы және орта білім беретін мекемелерде кәсіптік бағдар беру жұмысын нығайту мақсаты бойынша Академия бастығы заң ғылымдарының кандидаты, профессор полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызылов Академия қызметкерлерін қызметтік іс сапарға жіберіп отырады.

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Кайнар Ерболат Ержанұлының 2017 жылы қараша айының 19-26 күндері алығында Ақтөбе қаласы және Батыс Қазақстан облысы Орал қалаларында орналасқан жалпы орта мектептері мен колледждерде кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізілді.

        Кәсіби бағдарлау жұмысы Ақтөбе қаласының 6-орта мекептебі және 2 колледжде жүргізілді. Атап айтқанда:

20.11.2017 ж Ақтөбе қаласы білім бөлімінің №26 жалпы орта мектеп» ҚАЖД кадр жұмысы бөлімшесінің жеке құрам бойынша инспекторы әділет аға лейтенанты А.К. Курмашевамен аталған орта мектептің директоры Л.Т. Тажібаева мен бірлесе отырып кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізілді. Кәсіби бағдарлау жұмыстарына №26 жалпы орта мектебінің 11-сыныптың «11-а, 11-б, орыс сыныбы 11-в» жалпы 50 оқушылары қатысты. Оқушыларға ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға шақыру және оқуға қабылдану тәртіптері толық түсіндіріліп өтті. Оларға біздің оқу орны жайлы қысқа бейне фильдер мен оқу процестерінің үзінділері көрсетілді. Оқушылардың біздің оқу орнына түсу талпыныстары бар екені бірден байқалды. Себебі оларға көрсетілген призентацияларда біздің оқу орнында қыздардыңда оқитынын көрген кездерінде келешек мектеп түлектерінің қызығушылықтары көтеріліп сұрақтарын қоя бастады.

№19 мектеп-гимназиясында  10-11 сыныптың 75 оқушыларына қатысты жүргізілді. Орта мектептің академияға түскісі келетін оқушыларының өзіндік маңызды сұрақтарымен ерекшеленді. Олардың маңызды сұрағы бұл оқу орынға түсу барысында қандай пән таңдау керек және олар қандай құжаттарды жинау қажет екендігін сұрады. Олардың сұрағына полиция майоры Кайнар Ерболат Ержанулының қазіргі таңда осы сұрақтары бойынша өзгерістер күтіліп жатқанын айтып және өзгерістер толық енгенде мектеп директорлары арқылы жеткізілетіні айтылған.

№50, №31, №22, №16 орта мектептерінде академияға түскісі келетін оқушылардың тең жартысы орыс тілінде оқитын болғандықтан (жалпы қатысқан 134) олардың қызығушылығы өз басына ерекшеленді. Оқушылар академияда Қылмыстық-атқару жүйесіне және психолог мамандар дайындайтынын естігенде сұрақтары көбейді. Яғни олардың психологка оқығысы келетіне және психологтың офицерлік шенін алатын мүмкіндігіне қызығушылықтар танытты.  Оларға кәсіби бағдарлаудың арқасында қандай құжаттар жинау керектігін және психолог мамандарға қатысты пән тандау ерекшеліктері түсіндірілді.

21.11.2017 ж Ақтобе гуманитарлық колледжі және Ақтобе заң колледждерінде (Каз ГЮУ) студенттеріне кәсіби бағдарды жүргізіп өттік. Мектеп қабырғасынан шығып кеткен және өздері мамандық таңдаған студенттерден сұрақтары таңқалдырарлық көп болды. Яғни колледж студенттері өздерінің мамандықтары бойынша академияға түсуге кедергі болмайтыны жайлы хабарсыз екен. Олардың кез келген мамандық бойынша колледжді аяқтағаннан кейін түсу мүмкіндіктері қызықтырды. Аталған студенттерге ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының толық қанды курсанты болуға және келешек құқық қорғау органдарының қызметкері болу мүмкіндіктеріне үшін толық ақпараттармен қамтып шықтық.

Кәсіби бағдар жұмысы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы және Теректі ауданы бойынша 7 орта мектеп оқушылары мен 3 колледж студенттеріне жүргізілді. Атап айтқанда:

22.11.2017 ж. Орал қаласының №24, №20, №51, №3, №7 жалпы орта мектебі 10-11 сыныптың жалпы 160 оқушыларына кәсіби бағдарлау жұмысы жүргізілді. Мектеп оқушылары академияға оқуға тапсырудың сынақтары жайлы сұрақтармен, әсіресе спорттық сынақтар бойынша сұрақтармен ерекшеленді. Оқушыларға академияға түсу бойынша қыздар мен балдарға арналған спорттық нормативтердің талаптары түсіндірілді. Оқушыларға оқуға түсу барысында олардың спорттық дәрежелері «спорт шеберіне үміткер және спорт шебері» деген бергілі бір спорт дәрежесінен жетістіктері болса, ол олардың оқуға түсу барысында конкурста есепке алынатыны жайлы ақпараттар берілді.

23.11.2017 ж. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында орналасқан №4 және № 14  орта мектебінің оқушыларына кәсіби бағдар жұмысы жүргізіліп өтті. Аталған мектеп оқушылары қаланың мектептерінде оқитын оқушылардан қызығушылығы жоғары екені байқалды. Оқушылардың нақты және маңызды сұрақтарымен ерекшеленді. Яғни, денсаулыққа қатысты қойылатын талаптар, оның ішінде көзден өту шегі бойынша, салмақ пен бойға қойылатын талаптар және академияның тікелей қабылдау жүйесіне қатысты болды. Аталған оқушыларға барлық бағыттағы сұрақтарына жауап қайтарылып және олардың академияның тікелей қабылдау жүйесі бойынша құжат тапсыруға кез келген оқушылардың мүмкіндігі бар екені жайлы қолдану тәртібімен таныстырылды.
















                                      Қылмыстық процесс және криминалистика

                                      кафедрасының аға оқытушысы

                                      полиция майоры

                                      Кайнар Е.Е.