ЖІҚ-нен олимпиада

ЖІҚ кафедрасы апталығы шеңберінде 2017 жылғы 22 қарашада ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Діни экстремизм және терроризмге қарсы әрекет» пәні бойынша жедел-іздестіру қызметі кафедрасында төртінші курс курсанттары арасында олимпиадалық сайыс өткізілді.

Сайыстың сапалы және әділ өтуі үшін әділ қазылар алқасы қатарына  2курс магистранттары полиция майоры Ж.Сандыбаев, полиция капитаны С.Альменов, полиция аға лейтенанты Е.Тулегенов және полиция аға лейтенанты А.Шакиева шақырылды.

Олимиада сайысы жоспарланған бағдарламаға сәйкес қызу және бәсекелі түрде өтті.

Курсанттар өткен оқу бағдарламасын естеріне түсіріп қойылған сұрақтарға жылдам және сапалы жауап беруге тырысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз болды: Діни экстремизм және терроризмге қарсы әрекет (қазақ тілінде)

Діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимылдан(қазақ тілінде)

1 орын – Ш.Нұрғали (409 топ курсанты)

2 орын – М.Әбікен (409 топ курсанты)

3 орын – А.Талғатқызы (410 топ курсанты)

Діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимылдан(орыс тілінде)

1 орын – Демьянчук В.(406 топ курсанты)

2 орын – Шемет Т. (405 топ курсанты)

3 орын – Жунисова И(405 топ курсанты)

ЖІҚ кафедрасы шын жүректен  жеңімпаздарды құттықтайды. Жарыста болған тапсырмалар біздің курсанттарымызға тәжірбиелік қызметте қажет болады деп үміттенеміз.



В.И.Пьянников