«Қыс жолы» әндер жинағы

2017 жылғы 24 қараша күні күндізгі оқыту факультетінің 1 курс курсанттары Қостанай облысы әкімі А. Мухамбетовтың Қазақстанда Германия Федеративті Республикасының елшісі Рольф Мафаэлмен кездесу өткізуіне байланысты Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының сахнасында өткен Ф. Шуберттің «Қыс жолы» концерттік бағдарламасына барды.

Франц Петер Шуберт өзінің қысқа өмірінде үлкен музыкалық шығарма иесі болған: 600 ән, ақсүйектер мен діни хор музыкасын, жеті симфония, музыкалық пьессалар, фортепияно үшін және камерлік музыка жазған.

Ф. Шуберттің өнерін көрерменнің назарына «Астана-Опера» опера әншісі Е. Чайников пен Қазақ ұлттық өнер университетінің «Фортепиано» оқытушысы Е. Цветцих жеткізді. Олардың орындауында 24-тен аса шығарма орындалды.

Аталған іс-шараға қатысқан курсанттарға концерт қатты ұнады, көңіл-күйлері көтеріліп, өнер шыңына бір шарықтап қайтты.

101 оқу тобы осындай іс-шараға қатысуға мүмкіндік берген Академия басшылығына, күндізгі оқыту факультеті мен тәрбие жұмысы бөлімі қызметкерлеріне, курс басшылығына алғысын білдіреді!

А. Мұрат

101 оқу тобының кураторы,

полиция аға лейтенанты