Рэй Кунидің атақты комедиясы сахнада

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты магистратурасының ұжымы кезекті рет өнер ордасы — Ілияс Омаров атындағы Қостанай драма театрына Р. Кунидің халыққа белгілі «Номер 13» атты комедиясын тамашалауға бард

Театр — спектакль, әсересе комедия, комедия-фарс, трагифарс туатын керемет орын. Ол тек актер мен көрермен арасында ғана көзге көрінбейтін байланыс орнаған кезде туындайды. Сонда ғана спектакль туындайды, олар қайталанбайды және бірегей.

Міне осындай байланысты осы койылымнан байқадық. Афишалардан түспейтін бұл қойылым кассалық спектакльдердің бірі десем артық болмайды. Комедияға жиналған көрермендердің дені жастар болды. Бұл пьеса өзектілігімен, динамикасымен, тұнған эмоциясымен, режиссердің тапқыр шешімімен, атмосферасымен өте қызыты болды.

Біздің магистрант-театралдарымыз және өзіміз де жақсы демалып, ләззат алып қайттық.

Магистратура аға оқытушы-әдіскері

полиция майоры

Г. Едресова