Олимпиада жедел-іздестіру қызметі кафедрасында

ЖІҚ кафедрасы апталығы шеңберінде 2017 жылғы 23 қарашада ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Арнайы техника және ақпараттық қауіпсіздік» пәні бойынша жедел-іздестіру қызметі кафедрасында төртінші курс курсанттары арасында олимпиадалық сайыс өткізілді.

Сайыстың сапалы және әділ өтуі үшін әділ қазылар алқасы қатарына  2курс магистранттары полиция капитаны А. Баргаринов, полиция капитаны Д. Хусаинов және полиция аға лейтенанты Н. Садвакасов шақырылды.

Сайысқа қатысып отырған әр курсантқа құпия іс жүргізу аясында тапсырмалар берілді. Олимиада сайысы жоспарланған бағдарламаға сәйкес қызу және бәсекелі түрде өтті.

Сайыстың қорытындысын тәжірибелі қызметкерлер қорытындылап шешім шығарды.

Курсанттар өткен оқу бағдарламасын естеріне түсіріп қойылған сұрақтарға жылдам және сапалы жауап беруге тырысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз болды: Арнайы техника және ақпараттық қауіпсіздік (орыс тілінде)

1 орын –Шемет Т. (405 топ курсанты)

2 орын –Жаханша Ш. (406 топ курсанты)

Калачикова Я. (405 топ курсанты)

Унаев Ж. (406 топ курсанты)

3 орын –Хон А. (405 топ курсанты)

ЖІҚ кафедрасы шын жүректен  жеңімпаздарды құттықтайды. Жарыста болған тапсырмалар біздің курсанттарымызға тәжірбиелік қызметте қажет болады деп үміттенеміз.


В.И. Пьянников