АИВ ке қарсы дәрігерлермен кездесу

2017 жылдың 22 қараша күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер минитрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары Қостанай облысының ЖЖЖИ-ға қарсы аурумен күресу жолдарын білікті  дәрігерлермен кездесті.

АИВ(ВИЧ) жұқпасы элетронды микроскоп арқылы ғана көруге болатын өте ұсақ көзге көрінбейтін вирус. Қазақстанда осы ауруға қарсы күрес жүргізу мақсатымен мамандырылған жаңа қызмет жүйесі құрылды. Оның құрамына Республикалық,облыстық,қалалық ауруханалары кіреді.  АИВ жұқпалы вирусы 1983 жылы пайда болған, ағзада жұқпасы бар адамдарды АИВ – жұқпалы деп атайды. АИВ жұқпасын тасымалдаушылар ЖИТБ мен ауырмау да мүмкін, олар басқаларға жұқтырады.

Кездесу барысында АИВ-тың жұғу жолдары және оны алдын-алу  жолдары толығымен оқылып шығылды. Профилактикалық сұхбатта барлық мәселелерге жеке – жеке тоқталып, олардың әр қайсысының өте маңыздылығы жайында айтылды. Курсанттарда өз кезегінде Қостанай облысының АИВ-қа қарсы күресетін дәрігерлерге  бірнеше сұрақтар қойып, керек жауаптарын алды.






Академия курсанттарының баспасөз қызметі

3 курс курсанты Советов Б.