Магистратурада дөңгелек үстел өтті

Үстіміздегі жылдың 22 қарашасында магистратурада «Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл бас қосуға ғылыми және педагогикалық магистратураның 1 және 2 курс магистранттары, күндізгі оқыту факультетінің 3 курс курсанттары қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысы Академиямызға күні кеше ғана құрметті есімі берілген белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, ұзақ жылдар бойы Қазақстанның әлеуметтік-мәдени саласының өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп, халық құрметіне бөлене білген, Кеңестік дәуірде жасап, әміршіл тоталитарлық жүйе мен коммунистік идеологияның шектеулеріне көне, төзе жүріп өз халқына адал қызмет ете білген жан, Қазақ КСРО-ның екі рет ішкі істер министрі болған Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевтың өмір жолынан басталды.

Сонымен қатар магистранттарымыз Егеменді Қазақстан полициясына, еліміздің Ішкі істер органдарының тарихына, Қазақстан полициясының оң имиджін қалыптастыруға, Қылмыстық-атқару жүйесінің тарихына, ұлт  болашағы үшін адал қызмет атқарған, есімі ел есінде жүрген қаһармандарымызға арналған баяндамаларын  ортаға салды.

Академияда әскери тәлім-тәрбиемен шыңдалып жатқан курсанттармызға тәлім-тәрбиелік мәні бар бұл бас қосу үлкен өнеге берері анық. Құқықтық мемлекеттің баянды болашағы үшін жан аямай қызмет еткен және бүгінгі қаһармандардың ісінен үлгі-өнеге алған білім алушылардан болашақта парасатты, кәсіби полиция қызметкері шығатынына сенімдіміз.







Магистратура аға оқытушы-әдіскері

полиция майоры

Г. Едресова