2 курс курсанттарының арасында өткен көңілді жайдарман кеші

2017 жылдың 20 қарашасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында 2 курс жеке құрамының арасында екінші рет көңілді тапқырлар клубының дәстүрлі ойыны болып өтті. Жайдарман кешіне курс басшылығы мен оқу топтарының жетекшілері арнайы шақырылды. Бұл ойында ерекше тапқырлықтарымен көзге түскен он команда бақтарын сынап бәсекелесті. Жалпы ойын үш кезеңнен құралған болатын. Байқауда командалар бірінші өздерін таныстырып өтті. Ойын барысында барлық командалар да өздерінің өнерлерімен, тапқырлықтарымен әрі қабілеттерімен  әділ-қазыларды таң қалдырды. Әрбір команда да өздерінің жеңіс үшін күресуге келгендерін шеберліктері арқылы көрсете білді. Тіпті әрбір курсант көрерменге жайдарлы көңіл күй сыйлау үшін бар күш-жігерлерін салып тырысып бақты. Сайыскерлер бірінен-бірі өткен тапқыр болды.Курсанттардың әзілдерінен байқағаным – шынайылық пен сапалылық. Командалар өте жақсы дайындалған, оны әрине сахна төрінде емін-еркін ұялмай бар өнерлерін көпшілік ортаға сала білгендерінен көруімізге болады. Сонымен қатар, кейбір командалар көрермендердің назарына өздерінің түсірген бейнероликтерін ұсынды. Әділ-қазылар командалардың шеберліктерін орындау сапасына, байқаудың тақырыбына сәйкестендіріп және шындыққа бейімделуіне қарай әділ бағаларын берді. Ойын қорытындысына келер болсақ жүлделі орындарды, яғни, ІІІ орынды 206 оқу тобының «Ассортимент» командасы, ІІ орынды 202 оқу тобының «Есте қалар» командасы және кешіміздің белсенді ойыншылары, жеңімпазы 204 оқу тобының «Екі жұлдыз» командасы көңілді тапқырлар клбуының кубок иегері атанды. Сондай-ақ 209 оқу тобының курсанты полиция қатарындағы Құсайын Нұрсұлтан өзінің әзілдерімен ерекше көзге түсіп  «Ең үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды. Ал жалпы көңілді тапқырлар клбуының кешін айтар болсақ ойын өте қызықты, әсерлі де көңілді өтті десек те болады. Біріншіден, бұл кеште оқу топ жетекшілері үшін курсанттарды өзге да жаңа қырларынан танып-білу мүмкіншілігі пайда болды. Екіншіден, курсанттар тұрмыстық, әлеуметтік өзекті мәселелерді әзіл арқылы жеткізе білді. Және үшіншіден, ол әрине күнделікті кештерге қарағанда ерекше өткен бұл кеш барша көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қорытындылай келе жайдарман ойынының қатысушыларына жанкүйерлерге, көрермендерге және әділ-қазыларға қуаныш толқыны мен көтеріңкі көңіл-күй қуатын сыйлағандары үшін алғысымды білдіргім келеді және арамызда осындай тапқыр әрі өнерлі курсанттардың барына өте қуаныштымын!

Академия баспасөз қызметінің мүшесі

2 курс курсанты

Э. Канатчина