Ұрпақтар сабақтастығы

Ұрпақтар сабақтастығы жас буынның дамуына әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан тәлім тәрбиені жалғастыру мақсатында,  тәрбие жұмысы жоспарының аясында ғылыми және педагогикалық магистратураның 1 курс магистранттары күндізгі оқыту факультетінің курсанттары Ж.А.Едильбеков және А.В.Ступаны ерітіп сейілдемеге шықты.

 

Күнделікті күйбең тіршілік, қайталанып отыратын күн тәртібі жастар түгілі өзімізді де мезі ететіні айдан анық. Курсанттың бір күнін қызықты өткізу үшін магистрант ағалары мен апалары Жұмағали мен Александрды Қостанай қаласының көрнекті жерлеріне апарып көңілдерін көтерді. Алғашқы бастауын алған сейілдеме Арман кинотеатрынан басталды. Киноның басталуын күтіп отырған жастарымыз кіші інілерін қанаттарының астына алып, ағалық ақылдарын айтып, болашақтары қандай болмағы, қандай арнаға түсетіні өздерінің қолында екені, ал өз кезегінде олар қай салада болмасын көмек қолын созуды аянбайтындығы жайлы айтып берді.

 

 Ұрпақтардың өзара достығы, олардың бір-біріне деген сый-құрметі, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуі – бұрыннан келе жатқан, қанымызға сіңген игі қасиет. Осылайша бастауын алған ұрпақтар сабақтастығы үзілмеуі тиіс дегім келеді.

 

Магистратура аға оқытушы-әдіскері

полиция майоры

Г. Едресова