Курсанттардың сейсенбілік кешіндегі «Қазақстан эстрадасының жұлдыздары» атты дәрістемелік сергіту сәті.

Қараша айының 21-ші жұлдызында  ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Мәдениет» унивеситетінің сабақ кестесіне сәйкес педагог Мукашев Багитжан Тюлюбаевичтің  «Қазақстан эстрадасының жұлдыздары»  атты дәрісі өтті.

Өнер саласында  45-жылдық тәжірибесі бар,кезінде «Гүлдер»  ансамблінде қызмет атқарған, 1972 жылы өзі эстрадалық ансамбль құрған               Мукашев Б.Т –тің дәріс оқуы, жас курсанттарға  көп септігін тигізді. Олар Қостанай өңірінің таланттары , атап өтсек: Дінмұхамед Даулетов («Қазақстан дауысы»  бағдарламасының 1-ші орын игері) және  Айсұлу Бозанованың («X Factor» бағдарламасының финалисті) шығармашылығымен танысты.

Дәрістің екінші жартысында курсанттар, еліміздің абыройын асқақтатып жүрген, бүгінде есімдері әлемге әйгілі Димаш Құдайбергенов  пен Данэлия Тулешованың  телеарнадағы бейне жазбаларын тамашалады. Осылайша олар, Қазақстан эстрадасының нағыз жұлдыздары, Ресей, Украина және Қытай сахналарын бағындырған өнер иелері жайында пайдалы мағлұмат алды.

Академия қабырғасында осындай бағдарламалардың   өткізіліп тұруы, курсанттардың  жан-жақты болып шығуына деген игі шара болып табылады.




1 курс курсанты, полиция қатарындағы

Кусаинова Айнур