Магистранттар Академияның мұражайында

Үстіміздегі жылдың 7 қарашасында Тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы полиция полковнигі Балым Хозедиасқызы Курмангалиеваның бастамасымен және магистратураның оқытушы-әдіскерлерінің жеке жұмыс жоспары аясында ғылыми және педагогикалық магистратураның 1 және 2 курс магистранттары Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының мұражайында болды.

Оқу орнымыздың тарихымен, құрылуының негізгі кезеңдерімен, тұңғыш басқарушыларымен таныстыру мақсатында ғылыми және педагогикалық магистратура магистранттарына экскурсия жасалды.

Мұражай магистранттарға жәдігерлік және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін қастерлі орын ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан алдағы уақытта да тәрбиелік мәні зор осындай шаралар өз жалғасын таба бермек.



Магистратура аға оқытушы-әдіскері

полиция майоры Г. Едресова