Тәжікстан Республикасының Конституция күніне мерекеледі

2017 жылдың 6 қарашасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Тәжікстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Академия басшылығының және жеке құрамның атынан Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі А.Ж. Нурушев Тәжікстан Республикасының курсанттарын Конституция күнімен құттықтап курсанттарға оқуда жақсы нәтижелерге қол жеткізуге, тәжік халқына бірлік-береке, Отанының өсіп-өркендеуіне тілек білдірді. Сондай-ақ 2013 жылдан бері 52 курсант оқуын жемісті аяқтап, өз туған елінде қызмет атқарып жатқанын, ал бүгінгі таңда Академиямызда Тәжікстан Республикасының 20 курсанты білім алып  жатқанын айтып кетті. Аталған іс-шараға Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, Қостанай облыстық «Шарқ» Тәжік ұлттық – мәдени бірлестігінің төрағасы Э.Э.Холметов шақырылды. Э.Э.Холметов та курсанттарды атаулы мереке күнімен шын жүректен құттықтап, жүрекжарды лебіздерін білдіре отырып, өз атынан Академияның басшылығына, профессорлық-оқытушылар құрамына және қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. Ал, Тәжікстан Республикасы курсанттарының атынан 2 курс курсанты Құрбанәлі Авгонов Академия және курс басшылығына алғысын білдірді.

Конституция — мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы. Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты. Тәжікстан Республикасы Конституциясының тарихына үңілер болсақ Тәжікстан Конституциясы мемлекеттік құрылыстың тәжірибесінде алғаш рет жалпыхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды, ол қазіргі заманғы тәжік ұлттық мемлекеттігінің жаңа философиясы болып табылады. Жоғары заңды күші 1994 жылы 6 қарашада акт қабылдау арқылы тәжік халқы әлемнің өркениетті халықтарының ортасында бейбітшілік пен тұрақтылықта өмір сүруге, біртұтас құрылғымен тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет құруға ниет білдірді.

Тәжікстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты іс-шараның соңы курсанттардың ұйымдастыруымен өткізілген концерттік бағдарламаға ұласты. Мерекелік концертте 1 курс курсанттары Фируз Назиров және Дилшод Солиев өздерінің әуезді әндерімен көрермендерді баурап алды. Сонымен қатар Тәжікстан Республикасының курсанттары өздерінің ұлттық билерімен көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Концерттен кейін Тәжікстан Республикасының өкілі Э.Э.Холметов мырза мен Академия қабырғасында білім нәрімен сусындап жатқан бір топ Тәжік курсанттарды Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызылов өзі қабылдап, барша Тәжік еліне тыныштық, отбастарына амандық, курсанттардың сабақтарына сәттілік тіледі. Құттықтау арасында Академия бастығы екі елдің арасындағы тұрақтылықты, достықты және бейбіт өмірді бағалауды қатаң бұйырды. Тәжік елінің курсанттарына біздің елдің курсанттарымен тату-тәтті өмір сүруді татап өтті.

Міне осылай көреген басшы Мирлан Ахмедияұлының арқасында Тәжік елінің курсанттарының көңілі көтеріліп, қазақ еліне деген сүйіспеншіліктері мен сыйластықтары аса түсті.

Шырақбек Қабылбаев атындағы

Қостанай академиясының баспасөз қызметі