Академия тарихымен танысу

27 қазан күні 1  курстың 102 взвод кураторы полиция майоры Ж.К.Нұрмағанбетова және 110  взводтың кураторы полиция майоры А.Ю.Тимошенко Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының  тарихы жайында сыр шертетін мұражайға курсанттармен саяхат жасады. Мұрайжайда сақталған  акдемияның ашылу сәтінен бастап, даму деңгейлері көрсетілген жәдігерлерімен, атап айтар болсақ, мұражайдың төрінен орын алған  естелік сыйлықтармен, қолжазбалармен, академия курсанттарының жетістіктермен танысты.  Курсанттардың ерекше көңілдері бөлінген  тарихи сәттің бірі, ол барлық ІІМ оқу орындарының арасында ерекше көңіл бөлініп, біздің қара шаңыраққа ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мейман болып, өзінің батасын берген елеулі оқиға болды. Сонымен қатар курсанттар академияның атауы берілген Шырақбек Қабылбаев атамыздың тұлғасына қызығушылық танытты. Ол кісінің өмір тарихы, атқарған қызметі, еліміздегі  мамандандырылған  оқу орындарын ашуға қосқан маңызды үлесі, Кеңес үкіметі заманында  ішкі істер органдарының беделін көтеруде жеткен жетістіктері жайында әңгіме қозғалды.Тамашалаған заттар, естіген тарихи сәттер арқылы жас түлектердің көкейлеріне түйген түйіндері көздерінен байқалды. Әрбір курсанттың көкейінде академияның тарихында қалсам деген арман, мақсат пайда болды. Тәрбиелік жұмыс аясында жүргізілген осындай саяхаттар жас жеткіншектердің  патриоттық сезімін оятады, мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді.

 

 

 

102 взвод кураторы

полиция майоры

Нұрмағанбетова Ж.К.