Қызметкерлер «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша диагностикалық тест тапсырды

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесін 2017 жылға қарай  80%, 2020 жылға қарай — 90%-ға жеткізу міндеті қойылған. Ал Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М. Демеуовтің жанында 2017 жылғы 28 сәуірде өткен бейнеселекторлық кеңестің хаттамалық шешімінде: 1) Ішкі істер министрлігіне және басқа да ведомостволарға жолданатын барлық есептер мен ақпараттардың, хат-хабарлардың (арыздарға, шағымдарға берілетін жауаптардан басқа) және ішкі құжат айналымының мемлекеттік тілде болуын қамтамасыз ету; 3) Қызметкерлердің «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша диагностикалық тест тапсыру тәжірибесін жалғастыру; 4) «ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді С1 (жоғары), В2 (ортадан жоғары) деңгейінде білетін қызметкерлердің үлесін арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізу тапсырылған болатын.

Аталған міндеттердің үдесінен шығу үшін Академияда тұрақты жұмыстар жүргізіліп келеді. Мысалы, 2017 жылғы 25-26 сәуірде диагностикалық тестілеуге 64 қызметкер қатысса, 27 қазан күні ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы өкілдерінің «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша қазақ тілін білу деңгейін анықтау мақсатында өткізген диагностикалық тестілеуіне мемлекеттік тілді оқып жүрген қызметкерлермен қатар қазақ тілінде білім алып жүрген 2-3 курс курсанттары да ( жалпы 50 адам) қатысты.

Қазіргі уақытта ҚАЗТЕСТ  қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың негізгі жүйесіне айналып үлгерді. Сондықтан қызметкерлерді диагностикалық тестілеуге қатыстыру тәжірибесін одан әрі жалғастыра беретін боламыз.

Тестілеудің нәтижесі туралы ақпаратпен сайтымыздың алдағы нөмірлерінің бірінен таныса аласыздар.

Құрманәлі Елмұратов,

Мемлекеттік тіл бөлімшесінің бастығы