Теория мен тәжірибе байланысы

Теория мен тәжірибе байланысы оқу үрдісінде өте маңызды орын алады. Оқытудың тәжірибелік бағытын нығайту мақсатында Күндізгі оқыту факультетінің 3-4 курсанттарына өткен аптада тәжірибелік қызметкерлердің –біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының екі тыңдаушылары:Алматы қ. ІІД Алматы аудандық ІІБ ювеналды полиция бөлімінің аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Малдыбаева Айғаным Тоқтасынқызының, Астана қ. ІІД Сарыарқа аудандық ішкі ІІБжергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Мұстафаев Нұржан Исембайұлының, сырттай оқыту факультетінің курсанттары: Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің Павлодар қ. ІІБ Орталық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Жұмашев Данияр Тулегенулымен және Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің жол-патрульдік полициясының полицейі, полиция аға сержанты Алькенов Қайыржан Кабуловичпен, Қостанай облыстық ІІД  Рудный қ. ІІБ уақытша ұстау изоляторының күзет жөніндегі полицейі, полиция аға сержантыПусырманов Мерей Дуйсенгалиевичтіңқатысуымен бірнеше сабақ өткізілді.

Тәжірибелік қызметкерлер курсанттарға әрқайсысы өз бағыттары бойынша тәжірибесімен бөлісіп, болашақ мамандарға ақыл-кеңестерін айтты.

Әр тәжірибелік қызметкердің артында бірнеше жыл қызмет өтілі бар. Сонымен қатар арқасына артылған жауапкершілігі де аз емес. Ел тыныштығын қорғаушы офицерлер қызмет барысында кездесетін түрлі жағдайларын, қызықты оқиғаларын курсанттарға айтып берді.

 

Сабақтар өте қызық, тартымды өтті. Курсанттар алдындағы апа-ағаларын ұйып тыңдады, қызықтырған сұрақтарын қойды.

 

Жігері мол, қайраты қайсар апа-ағаларынан сабақ алған болашақ офицерлер өздерінің болашақ мамандықтары үшін мақтаныш сезімдері оянып, дұрыс таңдау жасағандарының тағы бір дәлелін тапты. Және де осы алдыңғы буын ағаларға еліне адал, сенімді қызмет ететіндеріне сөз берді.

 

Әкішілік құқық және әкімшілік қызмет

кафедрасының оқытушысы

полиция аға лейтенанты А.Мұрат