Рудный индустриалық институтының ректоры Әбдірахман Батырбекұлы Найзабековтың ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗІ

Кұрметті Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ұжымы және Халықаралық ғылыми-тӘжірибелік конференциясына қатысушылар!

Сіздерді Рудный индустриалық институты ұжымының және жеке өз атымнан Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Өткенге көз жүгірте отырып, Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде қалыптасуы мен дамуы жолында ішкі істер органдарының лайықты орын алатынын және әлеуметтік-саяси тұрақтылықтың бірден-бір кепілі екендігін зор сеніммен айтуға болады. Өйткені, ішкі істер органдары қашан да өздеріне артылған міндеттерді табандылықпен орындап, күнделікті қырағы қызмет атқаруда.

Тәуелсіздік жылдары ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей жетекшілігімен еліміздің құқық қорғау органдары, соның ішінде ішкі істер органдары аяқтан тiк тұрып, калыптасып, даму даңғылына түсті. Бүгінде Қазақстан полициясы — ел азаматтарын кез келген кылмыстық озбырлықтан қорғап, коғамдық тәртіпті қамтамасыз eтіп отырған кәсіби, ұтқыр әpi заманауи құрылым.

Iшкі істер органдарының жүйесі бүгіндері мемлекеттің айшықты белгісі болғандықтан, онсыз мемлекеттің өркендеуіне жол жоқ. Сол себепті алдағы уақытта да еліміздің ішкі істер органдары азаматтардың құқықтары мен бостандығын, мемлекет пен қоғамның заңды мүддесін қорғайтын, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін өте маңызды құрылым болып қала бермек.

Құрметті конференцияға қатысушылар!

Бүгінгі конференция жұмысында еліміздің ішкі icтep органдарының өткені мен бүгінгі, ертеңгі даму көкжиегі егжей-тегжейлі қарастырылып, ортаға тың идеялар мен мардымды пайымдар тасталады деп үміттенемін. Конференция жұмысына сәттілік тілеймін!

Ізгі ниетпен,

 

Ә. Найзабеков,

Рудный индустриалық

институтының ректоры,

Қазақстан Республикасы