Жеңімпаз балуандарды қабылдады

Жақында Қарағанды облысы Теміртау қаласында алғаш рет 1997-1999 жылы туған жастар арасында жауынгерлік самбо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Осы жарысқа Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 10-ға жуық балуан курсанттары қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келді.

Тек Академияның ғана намысын қорғамай, облыстың да абыройын асқақтатып келген жас спортшыларды кеше Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов өзі қабылдап, жеңімпаз балуандарға сәттілік тіледі.

Кездесу барысында алғы сөзін жүрек жарды лебізін арнаған Мирлан Ахмедияұлы бүгінгідей жетістікке жеткізіп отырған жас балуандардың жаттықтырушыларына өз алғысын білдіріп, осындай биік тұғырдан таймауларына тілектестік білдірді.

Жарыстан жеңіспен оралған балуандарымызда академия бастығымен кездескендеріне қуаныштарын білдіріп, осындай жарыстарға қатысуға рұқсат беріп, жарыстан жеңіспен оралуға әрдайым тілек білдіріп отыратындығына ризашылықтарын білдірді.

Кездесу соңында Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов алдағы республикалық жарыстарға қатысатын курсанттарға сәттілік тілеп, жеңіспен оралуларын талап етті.

Академия баспасөз қызметі