«Сақшы» әскери-патриоттық клубына курсанттарды қабылдау рәсімі

2017 жылдың 25 қазанында Қазақстан Республикасы Ішкі істер минитсрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Сақшы» әскери-патриоттық клубының қатарына курсанттарды қабылдау салтанатты рәсімі болып өтті. Аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер минитсрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі Е. Каппасов қатысты.

«Сақшы» әскери-патриоттық клубы жасөспірімдер, жастар ортақ қызығушылықтары бойынша бас қосып, әскери-патриоттық тәрбие сабақтарын өткізу үшін құрылған ерікті бірлестік болып табылады. 2016 жылы тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Ішкі істер минитсрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында  әскери-патриоттық клуб құрылды. Клуб болашақ ұрпақты құқық қорғау органдарының, әскери өнердің және әскери нысанды киімнің тарихын зерттеуге деген қызығушылығын, құқық қорғау органдарының қызметімен танысу, ішкі істер органының қызметіне азаматтарды арнайы дайындау мақсатында құрылған. Клубтың негізгі бағыты — жастардың рухани, моральдық, патриоттық және дене тәрбиесі болып табылады.Өз қызметі арқылы «Сақшы» әскери-патриоттық клубы 14 және 20 жас аралығындағы студенттер мен жастарды біріктіреді.

Бұл күн «Сақшы» әскери-патриоттық клубының мақтан тұтарлық  курсант атағына ие болып отырған Балалар үйінің 15 тәрбиеленушісі үшін ерекше күн болып табылады. Себебі бұл күні жасөспірімдер аға буын өкілдерінің бастамаларын абыроймен қорғайтыны туралы және көп ұлтты Отанымыздың көркеюі үшін бар күш-жігерін салатындары жайлы ант қабылдап, әскери-патриоттық клубтың бір мүшесі атанды. Ант қабылдап отырған курсанттардың атынан Сергеенко Виталий Эдуардович Академия бастығы полиция генерал-майоры М.А. Қызыловқа алғысын білдірді. Сондай-ақ іс-шара барысында рәсімге қатысып отырған облыстық «Грин» қоғамдық қор азаматтық Альянсының директоры Динара Өтебаева«Сақшы» әскери-патриоттық клубына жаңадан аяқ басқан курсанттарды құттықтап өтті. Салтанатты рәсім аяқталысымен, іс-шара курсанттардың ұйымдастыруымен өткен мерекелік концертке ұласты.

Курсанттар баспасөзі қызметінің мүшесі

полиция қатарындағы Э. Канатчина