Тәжірибе мен оқуды ұштастыру – оқу үрдісінің басты мақсаты

Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтында тәжірибелік қызметкерлер өзінің біліктілігін арттыруда. Біліктілігін арттырудың нәтижесі  тәжірибелі қызметкерлердің көп жылғы тәжірибесін жас ұрпақпен бөлісуден де байқалады.

Осы орайда 2017 жылғы қазанның 18-19 жұлдызында БАжҚДИ тыңдаушылары ОҚО бойынша ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Сманов Нұрғали Тұрсынбайұлы және Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік қызметін ұйымдастыру бөлімінің инспекторы полиция капитаны Асылжанов Танат Серікқазыұлы КОФ 4 курсының 408, 409 оқу топтарымен тәжірибелік сабақ өткізді.

Кездесу барысында тәжірибелі қызметкерлер өздерінің қызмет жолымен, атқаратын қызметтік функцияларымен таныстырды. Мемлекеттік қызметкерлерге беріліп жатқан жеңілдіктерге, мемлекеттік бағдарламаларға шолу жасады. Қоғаммен жұмыс жасау барысында қолданатын нормативтік-құқықтық актілер жайында және Қазақстан Республикасының Әкімшілік  құқық бұзушылықтар туралы кодексінің баптары жайында түсіндіріп кетті.

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы

және криминология кафедрасының оқытушысы

полиция майоры З.М. Суйеубаева