Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын түсіндіру – болашақ полиция қызметкерлерінің парақорлыққа қарсы көзқарасын жемісті қалыптастырудың негізі

2017 ж. 24 қазанда Академияның 1 және 2 курс курсанттарының ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Шириева Мөлдір Талғатқызымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын түсіндіру бойынша кездесуі өтті.

Ширинова Мөлдір Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарының ережелерін түсіндірді.

Заңның құрылымы, негізгі түсініктері, мүдделер қақтығысы, сыбайлас жемқорлық шектеулері, сыбайлас жемқорлық тәуекелділігі мен сыбайлас жемқорлықты ескерту мәселелері жайында таныстырды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық мониторингін жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелділігіне сыртқы және ішкі талдау жасау тәртібін қарастырды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алудағы негізгі міндеттерінің бірін мобильдік топ жүзеге асырады, мобильдік топ Қостанай облысының аумағы бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Мобильдік топ жұмысы барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағыты бойынша жастар мен жасөспірімдер арасында жүргізіліп жатқан үгіт-насихат жұмыстары мен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мәселелері жайында сұрақтарды талқылайды.

Курсанттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын тұлғаларды марапаттау мен қорғау тәртібімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын жүзеге асыру бойынша елімізде жүргізіліп жатқан құқық қолданушылық тәжірибесімен, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу мәселелері мен осы саладағы жетістіктері жайында қызығушылық танытты.

ҚҚАҚжК кафедрасының оқытушылары

полиция подполковнигі Анисимов А.Д.,

полиция майоры Суйеубаева З.М.

Разъяснение антикоррупционного законодательства основа успешного формирования антикоррупционной позиции будущих сотрудников полиции

24.10.2017 г. состоялась встреча курсантов 1 и 2 курса Академии по вопросам разьяснения антикоррупционного законодательства с главным специалистом управления профилактики коррупции Департамента Агентства РК по делам государственной службы и противодействию коррупции Молдир Талгаткызы Ширинова.

Ширинова Молдир разъяснила положения Закона Республики Казахстан «О противодействии коррупции» и Государственной службы Республики Казахстан.

Подробно остановились на рассмотрении структуры закона, на основных понятиях, таких как конфликт интересов, антикоррупционные ограничения, коррупционный риск и предупреждение коррупции. Кроме того был рассмотрен порядок осуществления антикоррупционного мониторинга, проведения внешнего и внутреннего анализа коррупционных рисков.

Одну из задач в направлении профилактики коррупционных правонарушений решает антикоррупционная мобильная группа, которая осуществляет свою деятельность на территории Костанайской области. В ходе работы мобильной группы обсуждаются вопросы освещения в средствах массовой информации мероприятий антикоррупционной направленности, активной пропаганды антикоррупционного поведения среди детей и молодежи.

Курсанты интересовались порядком поощрения и защиты лиц, осуществляющих противодействие коррупции, правоприменительной практикой нашей страны в вопросах реализации антикоррупционной политики, вопросами профилактики антикоррупционных правонарушений и достижениями в этой области.

Преподаватели кафедры

подполковник полиции Анисимов А.Д.,

майор полиции Суйеубаева З.М.